05 - 11 тамыз аралығына арналған жұлдыз-жорамал

603
көрілім

Тоқты
Жұлдыздар сіздің жақсы жақтарыңыздан көріну үшін бар мүмкіндікті жасап бағуда. Мүмкіндікті қолдан жіберіп алмаңыз! Апта бойы сергек қалыпта болыңыз: күтпеген жағдайға дайын болыңыз. Сын сағатта сіздің шешім қабылдай алатыныңызға ешкім күмән келтірмесін. Осы аптада атқарғаныңыздың бәрі сәтімен болады.
Торпақ
Кейбір тоқты белгісііндегілер үшін өмірін қара түнек жайлағандай болады. Жұмысындағы немесе жеке өміріңдегі ұсақ-түйек келеңсіздіктердің өзі Тоқтылардың көңіл-күйін бұзып, адамдарға деген сеніміне селкеу түсіреді. Ұсақ-түйекке бола күйремеңіз, қысылғанда қолұшын беретін жақын-туыс, достарыңыз бар. Апта соңына қарай бәрі орнына келеді.
Егіздер
Шешімін күте-күте сарғайған мәселелер белгі беруі мүмкін. Қаржы жағынан шығындануыңыз мүмкін, сол себепті артық шығынға жол бермеудің жолын қарастырыңыз. Сүйіспеншілік жағдайында Егіздер екі айырылады: қарым-қатынасқа нүкте қою керек пе, әлде жағдайды түзетуге ұмтылу керек пе – өз еркініңізде. Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз.
Шаян
Апта ішінде пайдалы таныстықтар болуы мүмкін. Уақыт деген тығыз, сол себепті әр сағатты тиімді пайдалана біліңіз. Кездесулер мен әңгімелесу уақытын белгілеңіз.  Кез келген адам сіздің қасыңызда жалықпайтын болсын, сол үшін де көп сөйлеп, қонақты мезі қылмаңыз.
Арыстан
Қаржы мәселесін мықтап қолға алыңыз. Әмияныңыз бос қалса да абыржымаңыз: уақыт өте келе бәрі де орнына келеді. Сабырлы болыңыз, өмірдің берген сыйын қанағат етіңіз. Басы бос Арыстандарды романтикалық кездесулер күтуде. Қолайлы сәтті құр жібермеңіз!
Бикеш
Қызмет бабындағы және қосымша пайда табудың өрісі кең міндеттерін кеңейтуге қолайлы кезең. Дегенмен күнделікті істеріңізді де ұмыт қалдырмаңыз. Жеке өміріңіздегі оқиғаларды шиеленістірмеңіз: әр нәрсе өз орнымен болсын. Отбасылы адамдар биліктің тізгінін мықтап ұстағандары абзал. Жұма күні тіс дәрігеріне баруға сәтті күн.
Таразы
Дүйсенбіден сәрсенбіге дейін қауырт күндер болмақ. Дегенмен сіз кез келген қиындықтан жол тауып кете аласыз. Осы күндері сіз танысқан адамдар ниеті түзу, адал дос болатындай адамдар болып шығады. Аптаның екінші жартысында  жаңа іс бастауға ұмтыласыз.
Сарышаян
Апталық жұлдыз-жорамал Шаяндарға жұмыста сергек жинақы болуды ескертеді.  Сәрсенбі-бейсенбіде ақша мәселесіне қатаңдау болыңыз. 9 тамыздан бастап қызметтік өсу болуы ықтимал. Сіз үшін ең қолайлы күн – сенбі.
Мерген
Мергендер апта бойы жұмысбасты болады. Маңызды келісімшарттар жасай аласыз.  Жақын достарыңыз бен туыстарңыздың қолдауы мен көмегіне сүйене аласыз. Сондай-ақ бұл апта  шаңырақ көтеру, келісімшарт жасасу, жаңа жұмыс бастау үшін қолайлы кезең.  
Тауешкі
Аспандағы жұлдызға қол созғаныңыз тым артықтау. Ең жақсысы, сүйікті адамадрыңызбен оңаша болғаныңыз артық. Басы бос Тауешкілер арманына ерік берсе де болады. Қалай десеңіз де өмірдің өзі – новелла: жақсылығына қуанып, қиындығына күйіне біліңіз.
Суқұйғыш
Суқұйғыштардың алдынан болашгақтың есігі кең ашылады. Бұл орайда жайбасарлыққа салынбаңыз. Кәсіби мәселе төңірегінде сөз қозғалса ішкі түйсігіңізге сеніңіз. Бастысы, шаруаны кейінге қалдырмаңыз. Даулы мәселеде өз өзіңізге сенімді болыңыз.
Балықтар
Бәрі де сәтімен келе жатыр. Өз интуицияңызға бағыныңыз. Екінші жартыңыздың адалдығына сеніңіз, тырнақ астынан кір іздей берсеңіз неке бұзылуы мүмкін. Отбасы мәселесі туралы ешкімге сір ашпаңыз. Керісінше, жайдары мінез танытыңыз.