Тарбағатай ауданындағы ауылдардың бірінде ауызсу құбыры тартылып жатыр

966
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден
Аудан әкімі Дархан Жөргекбаевтың ақпаратынша, Жаңауыл ауылындағы жобаның жалпы құны 393,4 млн теңге, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 
Аудан басшысы ауылға арнайы жұмыс сапарымен барып, ауызсу құбыры желілерін тарту барысын бақылап қайтқан. Елдімекенді таза сумен қамтамасыз ету жобасы 2023-2024 жылдарға жоспарланып, биыл халық игілігіне берілуі мүмкін. 
- Жобаның жалпы құны 393,4 млн теңге. Былтыр жобаға бөлінген  181,9 млн теңге қаражат игерілді, қалған бөлігін биыл игерудеміз. Жұмыс көлемінің 80 пайызға жуығы аяқталды. Мердігер "Универсал строи сервис" ЖШС өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта резервуар құрылысына дайындық жұмыстары жүргізілуде, - делінген әкімдік ақпаратында.