Ұлан ауданындағы психиатриялық аурухана құрылысына 1,4 га жер бөлінді

1178
көрілім
Фотосурет: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Ермек Көшербаев жиын барысында Ұлан ауданына қарасты Жаңа Қанай ауылындағы аурухана құрылысын талқылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Анықталғандай, 1947 жылы салынған ғимараттың қазіргі жағдайы қанағаттанарлықсыз және санитарлық нормаларға сай емес. 

Өңір басшысы аталған нысанға барғанда аурухананың жаңа ғимаратын салу нұсқаларын қарастыруды тапсырған еді. Содан оффтейк-келісімшарты бойынша аурухана құрылысын қолға алу туралы шешім қабылданды. 

- Медициналық мекемеге жақын аумақта 1,4 га жер бөлінді. Осы жылдың мамыр айында мердігер ұйым құрылысты бастады. Нысанда 52 адам жұмыс істейді. Құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың 1 мамырына дейін аяқтау жоспарлануда, - деді Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Ләзиза Кенжетаева.

Айта кетейік, аурухана құрылысы аяқталған соң ауылда жаңа жұмыс орындары пайда болады.