Жарма ауданында бизнесті қолдау бойынша семинар өтті

27190
көрілім

Бүгін Жарма ауданы әкімінің орынбасары Ернар Бексұлтановтың төрағалығымен бизнесті ашудағы мемлекеттік бағдарламалар шарттарын түсіндіру бойынша консультациялық семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ауданда жұмыспен қамту мәселесін шешу, тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өткізілген жиынға өңірдің шағын және орта бизнес саласының өкілдері қатысты.


Семинар-кеңесте «Даму» кәсіпкерлік қолдау қоры Акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан өңірі бойынша менеджері Жібек Кумарова, «Агронесие корпорациясы» акционерлік қоғамның несие бөлімінің бас маманы Қанат Рғатов, «Халық банкі» акционерлік қоғамының Семей қаласы бойынша менеджері Дамир Арипбаев, кәсіпкер палатасының директоры тиісті бағыттар бойынша жан-жақты баяндап берді.


Шараға қатысқан шаруа қожалықтарының басшылары, кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар өздерін толғандырған сауалдарын жолдады.
Қойылған сұрақтарға қатысты ақпарат берушілер несиелендіру мақсатында мемлекет тарапынан берілетін гранттар, субсидиялар, кепілдіктер, несиелер жөнінде және цифрлық кепілдік туралы түсіндірулер жүргізіп, мағлұматтар берді.