Зайсанда сауда саласын дамытудың жаңа бағыты пайда болуы мүмкін

1803
көрілім
Фотосурет Ulysmedia.kz

Ауданы әкімдігі жаңа көліктік-логистикалық орталық құрылысы аяқталса, сауда-саттық жанданады деп сенім білдіріп отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы ақпаратты аудан басшылығының өкілдері Өскеменде өткен жиында айтты.
– Алдағы уақытта «Майқапшағай» кеден бекетінде салынып жатқан жаңа көліктік-логистикалық орталық құрылысы бітетін болса, ауданымыздың сауда саласы өте жақсы дамымақ. Сонымен қатар, туризм бағыты да біртіндеп дамып келеді. Ауданымызда орналасқан «Майқапшағай» кеден бекеті, сондай-ақ ерекше әсем табиғатымыз туризмнің дамуына сөз жоқ, үлкен жол ашып отыр, – делінген мәліметте.
 Әкімдік өкілдері Зайсан мен Тарбағатай аудандарына ортақ заманауй үлкен жүк тасымалдайтын әуежай салынса, сауда және өндірістік  салаларды дамытуға қосымша ықпал ететіндігін жеткізді. Бірақ бұл алдағы уақытқа жоспарланған.
Нұрбек АСҚАРОВ