Глубокое ауданында екі мектеп салынуда

111
көрілім
Фотосурет ашық дереккөзден

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Глубокое ауданының 2024 жылғы I жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашиновтың ақпаратынша, биыл ауданда 6 835 бала мектеп партасына отырады, оның ішінде бірінші сыныпқа 545 оқушы қабылданады. 
- Қазіргі таңда 56,1 млн теңгеге 7 білім беру нысанында жөндеу жұмыстары аяқталуда. 3 мектептің терезесін ауыстыру үшін 4,5 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар 11 білім мекемесіне интернет жылдамдығын арттыру үшін «Starlink» спутнигі арқылы жабдық жеткізілді, - деді ол. 
Сондай-ақ аудан әкімі екі мектептің құрылысы туралы атап өтті. 
- «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Белоусовка кенті мен Опытное поле ауылында 300 орындық 2 мектеп салу бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деп толықтырды Эльдар Лұкбекұлы. 
Айта кетейік, жаңа білім ордалары балаларды аралас тілде оқытатын болады. 

Қымбат МУХАМАДИЕВА