Өскеменде саяжай шетіндегі әйел өліміне қатысты күдікті ұсталды

348
көрілім
Фотосурет: ШҚО ПД

13 тамызда Өскемендегі саяжай шетінде болған әйел өліміне қатысты 56 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бұрын сотталған ер адам қолға түсті. Анықталғандай, ол басқа қалада тұрады.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.