Ұлан ауданына жаңа әкім тағайындалды

785
көрілім

Ұлан ауданының әкімі лауазымына Арман Бекбосынов тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Арман Ілиясұлы 1973 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында туған.

Өскемен құрылыс-жол институтын бітірген, мамандығы бойынша автомобиль жолдарының инженер-құрылысшысы. Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы автомобиль жолдары қазыналық кәсіпорнының пайдалануға беру бөлімінде бірінші санатты инженер ретінде бастады.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінде қызмет атқарған. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқамасының басшысы, Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай, Глубокое аудандарының әкімі лауазымдарында жұмыс істеді.

2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін Павлодар облысының қала құрылысы және жер бақылау басқармасының басшысы лауазымын атқарған.