Глубокое ауданында 4 дәрігерлік амбулатория салынбақ

134
көрілім
Фотосурет ашық дереккөзден

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Глубокое ауданының 2024 жылғы I жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

- «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша Верхнеберезовский, Прапорщиково, Секисовка, Бобровка ауылдарында 4 дәрігерлік амбулатория, Белокаменка ауылында медициналық пункт және Уварово ауылында фельдшерлік-амбулаториялық пункт салу жоспарланған, - деп мәлімдеді Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов.  

Айта кетейік, Прапорщиково ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы толығымен аяқталды.

Қымбат МУХАМАДИЕВА