Катонқарағай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Расул Карабалинов жыл соңына дейін Топқайың ауылына су тартылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудандағы Топқайың ауылында су құбырын тарту жұмыстары биыл аяқталады.
- Ауызсу мәселесі бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Қазір онда 9 жұмысшы мен 3 техника жұмылдырылды. Жұмыс қарқынды жүруде, орталық көшені толық аяқтады. Қосымша мердігерлерді қосып, жыл аяғына дейін Топқайың ауылына су тарту мәселесін аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деді Расул Мырзабекұлы.
Қымбат МУХАМАДИЕВА