Өскеменде мас жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды

428
көрілім
Фотосурет ашық дереккөзден

Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер облыс орталығында Hyundai маркалы көлікті тоқтатқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Анықталғандай, ер адам көлікті мас күйде басқарған. Жүргізуші мен көлік тізгінін мас адамға тапсырған әйел адам жауапкершілікке тартылды.
Сот отырысында айыпталушылар өз кінәсін мойындамады.
Ер адам 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал әйел сол мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды. Кәмелетке толмаған екі баласы болғандықтан қамауға алдынбады. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.