Тарбағатайлық оқушы ҰБТ-дан 139 балл жинады

1491
көрілім
Фотосурет shygys_bilim_basqarmasy парақшасынан

Білім басқармасы өкілдері мұны өңір бойынша ең жоғары балл деп жазды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, ерекше үлгідегі аттестат иегері, түлек – Тарбағатай ауданы «Ы Алтынсарин атындағы орта мектеп» КММ оқушысы Аяужан Мұратова.
- Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде 139 балл жинап, облыс бойынша үздік нәтиже көрсетті. ҰБТ-да Қазақ әдебиеті пәні бойынша 50 балдан 50 балл жинады. Аяужан облыстық және республикалық зияткерлік олимпиадалардың жүлдегері. «Ауыл балалары» республикалық олимпиадасында І орын алып, С. Аманжолов атындағы ШҚУ грантын жеңіп алды. Оның еңбекқорлығы, адалдығы назардан тыс қалмады, - делінген мәліметте.
Жауапты тұлғалар Аяужан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын таңдағанын жеткізді.
- Бұл оның ана тілі мен мәдениетіне деген терең құрметін көрсетеді. Аяужан болашақ шәкірттерін қазақ тілі мен әдебиетін үйренуге шабыттандырып, оларға үлкен қуаныш пен пайда әкелетініне сенімдіміз, - деді басқарма өкілдері.