Таврия ауылында жол және аудандық аурухана жөнделмек

703
көрілім
Фотосурет облыс әкімдігінен

Аймақ басшысы Ермек Көшербаев Ұлан ауданындағы бірқатар нысандарды аралап, Таврия ауылы арқылы өтетін жол жағдайымен танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңір басшысының сөзінше, жол жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары дайын.
- Алты сантиметрлік тас пен екі қабат асфальт төсеу жоспарлануда. Сондай-ақ Таврия ауылы арқылы ауыр жүк көліктерінің көп легі өтетіндіктен, жобалық-сметалық құжаттары бекітіліп, ауылды айналып өтетін жол құрылысының жер мәселесі шешілді, - деді аймақ басшысы.
Әкім 29 мыңға жуық адамға қызмет көрсететін облыстық ауруханаға да барып қайтты. Мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, барлық қажетті құжаттар дайын болыпты.
Ермек Беделбайұлы елдімекендегі орталық жылу мен ыстық суды қалпына келтіруге мүмкіндік беретін қазандық құрылысымен танысты. Пайдалануға берілгеннен кейін Тавриядағы барлық әлеуметтік нысан мен тұрғын үй секторын қосу жоспарланып отыр.