ШҚО-дағы екі мектеп жергілікті мемлекеттік органдардың меншігіне өтеді

112
көрілім
Фотосурет ашық дереккөзден

Бұл өзгеріс «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін басқарудың жаңа моделі» пилоттық жобасы аясында 1 қыркүйектен бастап Алтай мен Глубокое кентіндегі мектептерге енгізілмек, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

- Яғни, оқу процесі толығымен Білім басқармасының еншісінде қалады. Ал жергілікті атқарушы органдар әкімшілік-шаруашылық қолдауды, ғимараттарды ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыруды және коммуналдық қызметтерді төлеуге жауап береді. Мектеп техникалық қызметкерлердің айлығын да аудан әкімдігі төлейді, - деді аудан әкімі Эльдар Тумашинов. 

Айта кетейік, ауданда биыл бастауыш сыныпта оқитын 2 803, аз қамтылған отбасылардан шыққан 765 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Балалар қауіпсіздігі үшін 206 IP камера ауыстырылды, 2 мектепте мамандандырылған күзетпен шарттар жасалды. Барлық камера аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне шығарылды. Сондай-ақ 1 156 оқушы мектеп формасымен және аяқ-киіммен қамтамасыз етіледі.

Қымбат МУХАМАДИЕВА