22-28 сәуір аралығына арналған жұлдыз-жорамал

817
көрілім

Тоқты

Ұзын сөздің қысқасы, алдағы апта тып-тыныш, қандай да бір әуре-сарсаңсыз өтеді. Достарыңыздан тосынсый күтудің де қажеті жоқ. Сондықтан күйбең тірлікті бір сәтке ұмытып, тынығып алуды ойлаңыз.

Торпақ

Осыған дейін араларыңыздан ала мысық өткен адамдармен байланысыңызды түзеуге қолайлы уақыт. Жұмысыңызда әсірекөп жүктемелерді орындаған соң одан да күрделісіне жолығуыңыз мүмкін. Бастысы, босаңсымаңыз.

Егіздер

Ой жинақылығына мән беріңіз. Талай маңызды жайттың іске асуы өзіңіздің кәсіби шеберлігіңіз бен пысық-ширақтығыңызға байланысты. Апта соңында үзіліс жасаңыз: табиғат аясына шығып, ой сергітіп қайтыңыз.

Шаян

Жақын адамдарыңыздың бірі өрескел қателікке жол бергенін байқайсыз. Мүмкіндігінше оның жан алқымынан алып, табалай жөнелуге асықпаңыз. Қолыңыз тигенде саяжайда еңбектеніп, құрыс-тұрысыңызды жазсаңыз орынды.

Арыстан

Ашуға ерік беріп, жүйке-жүйеңізге салмақ түсіруді азайтқаныңыз жөн. Тіпті осының салдарынан жұмыста да, үйіңізде де тұрмыстық заттар қирап, сынуы мүмкін. Демалыс күндері ақшаңызды оңды-солды шашудан аулақ болыңыз.

Бикеш

Жалғызбасты Бикештерге екінші жартысын табуды ойластырған жөн. Әне-міне деп ойланып жүргенше жалғыздықты серік етіп жүрмеңіз. Кейде үйдегілермен ойыңыз бір жерден шықпай жатуы мүмкін, мұндайда ашуға ерік бермеңіз.

Таразы

Көптен бері жоспарыңызды орындай алмай жүрсеңіз, қазір кірісіңіз. Жалқаулықты жолдас етпесеңіз апта ортасы табысты болғалы тұр. Басшылық лауазымыңызды көтеру жайында ұсыныс айтуы мүмкін.

Сарышаян

Осы аптада өзіңізді дамытып, жан-жақты ізденгеніңіз жөн. Болдым, толдым дегеннен гөрі «Білгенім – бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз» дегенді басшылыққа алыңыз. Барынша өзіңізден мықты адамдармен пікір алмасыңыз.

Мерген

Жұмысыңызда не нәрсеге әлеуетті екеніңізді көрсетіп бағыңыз. Әріптестеріңіз байқап, еңбегіңізге лайықты бағасын берсе, басшылықтың сыйақы жазып беруі де ғажап емес. Ауыр жұмыстар тындырып, өзіңізді шаршатып алмаңыз.

Тауешкі

Бойыңызға шабыт келіп, жаңадан бір істі бастауға құлшынасыз. Ендеше қиял құсына шартарапты шарлатыңыз. Өкінішке қарай, кейбір Тауешкілер сатқындыққа ұшырап, адал достың бар екендігіне күдікпен қарай бастайды.

Суқұйғыш

Ауқымды жоспарыңызды жүзеге асыруға тамаша кезең. Ең алдымен жуық арада қолға алатын жұмыс тізбесін жасап алыңыз. Мақсатыңызға жетер жолда әлдекімдер аяғыңыздан шалып, кедергі келтіруге әрекеттенсе, елемеуге тырысыңыз.

Балықтар

Әріптестеріңізбен жоқ жерден ренжісіп қалуыңыз ғажап емес. Бір өкініштісі, мұның себепшісі де өзіңіз боласыз. Жасаған қадамыңызға кейін өкінбес үшін жиі кешірім сұраудан еш қысылмаңыз.