Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Катонқарағай ауданының 2024 жылғы I жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Ауданға жұмыс күші бар өңірлерден 7 отбасы мен 23 кандасты қоныстандыру жоспарлануда, - деді аудан әкімінің міндетін атқарушы.
Бүгінгі таңда Катонқарағай, Өрел, Аршаты, Белқарағай ауылдарына 5 отбасы көшіп келді.
Қымбат МУХАМАДИЕВА