Өскеменде гүлзарды таптаған жүргізуші қамауға алынды

108
көрілім
Фотосурет: ШҚО ПД

Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотта көлік жүргізушісіне қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

18 тамыз күні кешке Daewoo көлігін басқарған жүргізуші тізгінге ие бола алмай, гүлзар аумағына кіріп кеткен. Нәтижесінде суару жүйесі мен өсімдіктерге зақым келді. Анықталғандай, ер адам мас күйде болған. 

-Құқық бұзушыны жеті жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 20 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.