Зайсан аудандық сотына жаңа судья тағайындалды

761
көрілім

Бұл туралы аудан әкімдігі мәжіліс залында өткен актив отырысы кезінде белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жиынға аудан әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы, аудандық мәслихат төрағасы Еркебұлан Серікұлы, бөлім және сала басшылары қатысты.
- Отырыста Зайсан аудандық сотының төрағасы Нұртазинова Гаухар Сағатбекқызы 2024 жылдың 05 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылдың 29 шілдедегі № 609 Жарлығымен Зайсан аудандық сотының судьясы болып тағайындалған Владимир Сергеевич Фирсовты таныстырды, - делінген Zaisan_audany _akimdigi парақшасында.
Фирсов Владимир Сергеевич 1974 жылы 9 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол 1999-2004 жылдар аралығында «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-да заңгер кеңесші қызметін атқарды. 2004-2005 жылдары «SVK» ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2005-2024 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысының адвокаттар алқасында адвокат қызметін атқарды.