Глубокое ауданындағы 4 ауылға жарық орнатылды

131
көрілім
Фотосурет ашық дереккөзден

Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашиновтың сөзінше, ауданда «Ауыл – ел бесігі» жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

- Аудандағы 4 ауылда 61,6 млн теңгеге 416 жарықтандыру тірегі орнатылды. Оның ішінде Степное ауылында 113 тірек, Веселовка ауылында 100 тірек, Быструха аулылында 103 тірек, ал Кожохово ауылында 100 тірек қойылы, - деді ол. 
Сондай-ақ Кожохово ауылында 103 млн теңгеге ұзындығы 2,9 шақырым болатын көше жолдары орташа жөндеуден өтпек.

Қымбат МУХАМАДИЕВА