Ата Заң – ел дамуының іргетасы

234
көрілім

    Қазақстан Республикасының Конституциясы – жалпыхалықтық референдумда қабылданған, ең жоғары заңдық күші бар, ерекше нормативті құқықтық заңдардың жиынтығынан тұратын, мемлектіміздің негізгі заңы. Яғни, Конституция - халық мүддесіне сәйкес жасалған және иерархиялық тұрғыдан алғанда республикамыздың ең жоғарғы заңы. Конституциясыз бірдебір ел, мемлекет ретінде өмір сүре алмайды. Бұл заңдылық бізгеде тән.Еліміз Конституциясы – мемлекеттің саяси, құқықтық және экономикалық жүйелерінің негіздерін айқындайтын Қазақстан Республикасының ең жоғары нормативтік құқықтық актісі.

   Конституция тарихы тұрғысынан алғанда, алғашқы Қазақстан Конституциясы 1926 жылы 18 ақпанда қабылданды. Ол кезде біздің ел РКФСР құрамындағы Қазақ АКСР-і деп аталды. Осы кеңестік жүйе тұрғысындағы Негізгі заң -  басқару нысанын, мемлекеттік құрылысты, саяси режимді, мемлекеттік билік органдарының құрылымын, атқарушы-өкім беруші органдарды бекітті. Сайлау құқығының, бюджеттік құқықтың негізгі бастаулары белгіленді. Осы Конституцияға сәйкес Қазақстан РКФСР құрамындағы толық құқықты республика болып танылды.
    1936 жылы Қазақ АКСР-і одақтас республикаға, яғни Қазақ КСР-не айналды. Осы сапалы өзгеріске сәйкес, 1937 жылдың 26 наурызында Кеңестердің бүкілқазақстандық төтенше Х съезінде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы 11 бөлім мен 125 баптан тұрды. Онда «КСРО Конституциясының 14-бабынан тыс, Қазақ КСР-і өзінің егемендік құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті өздігінен жүзеге асырады» делінген.
     ІХ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс VII сессиясында, 1978 жылы 20 сәуірде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы кіріспеден, 10 бөлім, 19 тарау және 173 баптан тұрды. Бұл кеңестік дәуірдегі қабылданған үшінші конституция еді. Осы Конституцияға сәйкес, бүкіл өкімет билігі жұмысшы, шаруа таптарына және еңбек интеллигенциясына жататын халықтың қолында болады делінді. Бұл Коституция - «кемелденген социлизмнің» негізігі заңы деп аталды.
    Тәуелсіздікті 1991 жылы 16 желтоқсанда алсақ-та, осы түбегейлі өзгерістерге жауап беретін ата заңды сол мезетте қабылдау мүмкін емес еді. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрды. Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды: халықтық егемендік мемлекеттегі билік тармақтарын, қазақ тілін мемлекеттік, Президентті мемлекет басшысы деп танудан тұрды. Сол сияқты ол, сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттарды және т.б. қамтыды. 1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделіне басымдылық берілді.
       1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның бүгінгі Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша енді Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылды, ол билік тармақтарынан жоғары тұратын болды. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады. 1995 жылы желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палата — Сенат, төменгі палата — Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді. Конституция құрылымы мынандай бөліктерден тұрды. «I бөлім - Жалпы ережелер, II бөлім - Адам және азамат, III бөлім - Президент, IV бөлім – Парламент, V бөлім – Үкімет, VI бөлім - Конституциялық сот, VII бөлім - Соттар және сот төрелігі, Прокуратура. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, VIII бөлім - Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару, IX бөлім - Қорытынды және өтпелі ережелер Өзгертулер мен түзетулер»,- деп аталды. Осыған және қоғам дамуы енгізіп отыратын өзгерістерге сәйкес, ата заңға 1998, 2007, 2011, 2017, 2019, 2022 жылдары кейбір өзгерістер енгізілді.
   Конституцияның кеңестік кезеңде талай бұзылғаны, біздің біртұтас республика болып қалуымызға да талай рет қауіп төнгені белгілі. Кезінде Жұмабек Тәшенов ағамыз еліміздің солтүстігін Ресейге, Маңғыстауды Түрікменстанға, ал Оңтүстік жерімізды Өзбекстанға беруге батыл қарсы шыққан болатын. Сол бір кезде Никита Хрущевтің: "Партияның шығарған бұйрығына қарсы шығатын сен кім едің? Шешім баяғыда жоғарыдан шығарылып қойған сен оған бағынуың керек!",- деген өктемдігіне берген жауабы әлі күнге дейін ел есінде. Сонда Тәшенов атамыз: "Егерде жерді өз еркілеріңмен бөле беретін болсаңдар онда Конституцияның не керегі бар?",- деген. Шыныменде, конституция тек қана заңдар жинағы емес, Елдің тұтастығы мен суверинитетінің де нақты кепілі болып табылады.
    Біздің Конституция 1995 жылы баршахалықтық референдумда қабылданды. Қазіргі кезде бұл заңдар жинағы әрбір Қазақстан азаматының тең құқылы, еркін және бейбіт елдің тұрғыны екеніне толық дәлел бола алады. Сондықтан, Конституциямызды сыйлап, оның орындалуына үлкен зейін қоюымыз керек.

Бактияров Адильжан Абайулы Maqsut Narikbayev University(KAZGUU) 1 курс оқушысы , мамандығы құқықтану