Күршім ауданында 50 орындық мектеп құрылысы басталды

1009
көрілім
Фотосурет www.gov.kz сайтынан

Аудан басшысы Алмат Ақышовтың сөзінше, жұмыс Сарыөлең ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылында жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жауапты тұлға мемлекет тарапынан шағын ауылдарды жандандыру мақсатында біршама ауқымды жұмыстар атқарылып, көмек көрсетіліп жатқанын жеткізді.
- Сарыөлең ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылында 50 балаға арналған шағын мектеп және адам санын арттыру үшін “Бір қабатты Шығыс” бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы басталды. Бүгін жауапты мердігерлер және ауыл әкімімен кездесіп, нақты тапсырмалар бердім. Жұмыс сапасы да тексерілді, - деді Алмат Талғатұлы.