Катонқарағайда қай ауылдардың жолы жөнделеді?

277
көрілім
Фотосурет ашық дереккөзден

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Катонқарағай ауданының 2024 жылғы I жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Катонқарағай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Расул Карабалиновтың ақпаратынша, Согорное-Барлық-Ақсу жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 663 млн теңге көзделген. Биыл 248 млн теңге бөлінді.
- «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы аясында Белқарағай ауылының кіреберісіндегі  автокөлік жолдарын орташа жөндеу қарастырылған. Қазіргі таңда 2 км жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал Аршаты ауылының кіреберісіндегі жол 1,157 млн теңгеге қаржыландырылған. Сондай-ақ Аққайнар ауылындағы Абай көшесіне, Шыңғыстай ауылындағы Баекин, Алтай көшелерінің орташа жөндеуге 2,150 млн теңге көзделіп отыр, - деді ол. 
Сонымен қатар Жаңа-Үлгі-Жамбыл-Берел автокөлік жолдарын жөндеуді аяқтау жоспарда бар.

Қымбат МУХАМАДИЕВА