07.08.2017 — 13.08.2017

710
көрілім

Тоқты

Апта қызу жұмыстарға толы болып, көп жағдайда қаржылық мәселелерге басыңыз ауырмақ. Барлық жерде сабырлы қалпыңызды сақтай біліңіз. Аптаның екінші жартысында қаржы құю жағына мұқият болыңыз.

Торпақ

Алдағы апта сіз үшін сәтті болмақ. Суық тиюден емес, шектен тыс тамақтанудың салдарынан ауырып қалудан сақ болыңыз. Дүкеннен азық-түлік сатып алмас бұрын жасалған уақытына үңілуді ұмытпағаныңыз абзал.

Егіздер

Кәсіби жетістікке жетіп, айналаңыздағылардың қошеметіне бөлену мүмкіндігі зор. Қоғамдық жұмыстарға бел шеше кірісуге болады. Дегенмен жұмысбасты болып, отбасыңызға көңіл бөлуді ұмытып кетпеңіз..

Шаян

Материалдық жағдайыңыз кәсібилігіңіз бен жоспар құруыңызға байланысты болмақ. Сондықтан бастаған әр іске сыни көзбен қарап, болашақта болуы мүмкін қателіктердің алдын алуға тырысыңыз.

Арыстан

Бұл аптада денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Ауыр жұмыспен және спортпен айналысқанда мұқият болыңыз. Денсаулығыңызға кері әсер ететін дау-жанжалдан бойыңызды аулақ ұстаңыз.

Бикеш

Жаңа адамдармен танысып, достық қарым-қатынас орнатуға қолайлы кезең. Шығармашылық және ғылыми жұмыспен айналысатын Бикештерге жаңа шабытпен қолдарына қалам алуларына болады.

Таразы

Әлеуметтік деңгейді көтеріп, лауазымдық өсім жасайтын кез. Өзіңізді басшылық лауазымында сынап көруге болады, алайда сіздің жетістіктеріңізбен қатар қателіктеріңіздің де көрінетінін ұмытпаңыз.

Сарышаян

Жұлдыздар сізге кездейсоқ кездесулер мен мол табыс сыйлауға дайын, дегенмен денсаулығыңызға абай болыңыз. Денсаулығыңыздан ақау байқалса бірден дәрігер қабылдауына жазылыңыз.

Мерген

Ұзақ мерзімді саяхатқа шығып, суға түсіп қайтыңыз. Оған мүмкіндік болмаса жиі таза ауада серуендеп, отбасы аясында болыңыз. Бұл аптада уақытыңыздың көп бөлігін рухани дамуға, шығармашылыққа арнаңыз.

Тауешкі

Материалдық жағдайыңыз біраз қиындап, ақша тапшылығын сезініп қалуыңыз ықтимал. Бұл уақытша құбылыс екендігін ескеріп, орынсыз алаңдамаңыз. Аптаның екінші жартысына қарай барлығы қалпына келеді.

Суқұйғыш

Денсаулығыңызға кері әсерін тигізетін жағдайлар болуы мүмкін. Жүйкеңіздің жұқаруы айналадағы адамдармен келіспеушілікке әкеп тіреуі мүмкін. Дегенмен сабырлық танытып, ұрыс-керістен аулақ болуға тырысыңыз.

Балықтар

Бойыңыздағы күш-қуатыңыз тасып, жұмыстағы белсенділігіңіз сізді көпшілік назарына іліндіреді. Жеткен жетістіктеріңізді жалпақ жұртқа мүмкіндігінше жарияламай, құпия күйде ұстай біліңіз.