Тоқты
Маусымның 10-16-сы - Ай толған шақ. Бұл аптада хабарламалармен жұмыс істеп, келісімшарт бекітетін, қысқа мерзімді саяхатқа шығатын кез. Жаңа іс бастуаға, келіссөз жүргізуге болады. Жаңа таныстықтар, романтикалық кездесулер, ғашықтық сезіміңді білдіру кезеңі. Жексенбі күндері әсіресе көлік тізгініне ие болыңыз.
Торпақ
Бұл кезеңде жеке өміріңізде сәттіліктер болады. Планеталардың орналасуы сізге есте қаларлық небір қимас сәттерді бұйыртып, ғашық жаныңыз сізді еркелетіп, сыйлық ұсынып, алақанына салады. Махаббат сезімін сезініңіз.
Егіздер
Сіздің іскерлігіңіз жұмыс қа құлшыныс болады. Сіздің жұмысқа деген ерекше қабілетіңізге, пысық-ширақтығыңызғаәріптестеріңіз қызыға да қызғана қарайды. Басшылықтың назары түседі сізге. Ең бастысы – осыны пайдаланып тым дандайсып кетпеңіз.
Шаян
Нағыз романтикалық сауық-сайран құратын кез. Ай жатысы сіздің бойыңызда махаббат сезімін оятып, тартымды да сүйкімді етеді. Бәрін де басынан бастауға реті келіп тұрғанда сәттілікті қолдан жіберіп алмаңыз!
Арыстан
Отбасыңызбен демалуға қолайлы кезең. Алайда үйден аса ұзап кетпеңіз. Достарыңыздікіне қонаққа барсаңыз немесе саяжай жалдауыңызға болады.
Бикеш
Қаржы жағдайыңызда елеулі өзгерістер бола қоймайды. Керісінше, планеталардың орналасуы бұрынғы таныс салада пайда табудың кең мүмкіндіктерін туғызады. Бірақ бір дегенде ақшаны ала алмайсыз, күтуіңізге тура келеді.
Таразы
Бұл апта аса белсенді басталады. Сіз өз-өзіңізге, киім-киісіңізге көңіл бөліп, суға түсу маусымына дайындала бастайсыз. Жаттығулар мен СПА-процедуралардың жоспарын құрыңыз. Сіз үшін суда жүзу спорты тиімді болмақ.
Сарышаян
Күш-қуатыңыз артады. Өз-өзіңізге деген сеніміңіз де күшейе түседі. Романтикалық кездесулер, жұмыстағы тамаша перспективалар - бұлар сізді қанаттандырып, жігеріңізді қайрай түседі. Отбасылық мерекені табиғат аясында өткізгеніңіз дұрыс.
Мерген
Медициналық тексеруден өтуге қолайлы кезең - диагноз анықталып, ем-домы дұрыс белгіленеді. Ал дәрігер-маманды таңдауда сақ болыңыз. Анау-мынау көріпкел-білгіштер емес, білікті дәрігердің нақ өзіне барғаныңыз жөн.
Тауешкі
Отбасыңызда сіз колбасшысыз. Бәрі де сізден салиқалы ой, ақылды пікір күтеді. Сол себепті сіздің жауапкершілігіңіз жоғары. «Аңдамай сөйлеп, ауырмай өлдіме» деп жүрмеңіз.
Суқұйғыш
Егер сүйіктіңіңз сіздің айтқан әңгіме-пікірлеріңізді үнсіз тыңдаса, қолдаса, сіз де оған кешірімді болыңыз. Сіз өзіңіздің екінші жартыңыздан түсінушілік пен танданыс сезімін күтетініңіз рас. Егер ойыңыздағы болмаса жағдай да кері бағытқа өзгеруі мүмкін.
Балықтар
Планеталардың орналасуына қарай сіздің де жұмыстағы рейтингіңізді көтеріп, репутацияңызды жақсартуға мүмкіндік туады. Дегенмен көзіңізге күле қарап, астыртын ор қазатын қатарластарыңыз табылады.