Сейсенбіде бұрынғыша республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Кей жерде найзағай, желдің күшеюі, тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, Қарағанды облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерінде тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысында, түнде Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақмола облысының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Түркістан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Қарағанды облысының кей жерінде, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Алматы облысының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт