11-17 қазан аралығына арналған жұлдыз-жорамал

415
көрілім

Тоқты

Жақын арада қарым-қабілетіңізді сынап көрудің сәті түседі. Бір шешім қабылдарда бірнеше нұсқа тұруы мүмкін, соңғысын таңдаңыз. Қаржы мәселесіне келгенде ұстамды болыңыз: ақша бей берекет шаша бергенді ұнатпайды.

Торпақ

Алдамшы, ауыспалы сәттерде сақ болыңыз. Мұндайда бейтаныс адамдар да данышпан көрініп, түрлі бағыттар ұсынады. Алыс жолға шықсаңыз барынша қамданып алып қадам басқаныңыз жөн: көлігіңіз істен шығуы мүмкін.

Егіздер

Алдыңызға тым көп жүктеме қоймасаңыз талай шаруаны тындырып үлгересіз. Жұлдыздар апта соңына қарай жаңа таныстықтар орнатып, отырыс, жиындарға баруға кеңес береді. Ол жақта ескі таныстарыңызды да жолықтырасыз.

Шаян

Тағы бір жұмыс табамын деп жүргенде бейқамдыққа жол беріп алмаңыз. Шалыс бассаңыз шығынға ұшырауыңыз ғажап емес. Біреумен келіспей қалсаңыз ақиқаттың түбіне бойлауға асықпағаныңыз жөн.

Арыстан

Маңызды ақпарат құлағыңызға жетеді. Қазір бекіткен жоспарыңызды апта соңында жүзеге асырсаңыз құба-құп. Жұма күні келісімшарт жасаудың еш қажеті жоқ: қарсы тарап аяғыңыздан шалуы мүмкін.

Бикеш

Осы аптада арагідік ыдыс-аяқ сылдырлап, жоқ жерден ұрыс-керіс шығуы кәдік. Ойға алған ісіңізді өзгемен бөлісемін деп бар сырыңызды ашып жүрмеңіз. Басшылық жалақыңызды өсіруді ойлап жүрген сыңайлы.

Таразы

Бірнеше айдан бері іске асыра алмай жүрген тірлікті осы демалыста біржақты етіңіз. Күз көңілсіз көрінгенімен Таразылардың көбі толағай табыстарға осы кезде жетеді. Қазір алыс сапарға шығып қайтуға қолайлы кез.

Сарышаян

Өткен аптадан бері қордаланып қалған жұмысты лезде аяқтаймын деп шаршап қалмаңыз. Соңғы уақытта отбасыңызға көңіл бөлмей жүргеніңізді кәперден шығармаңыз. Үйге қайтарда әлдеқандай сыйлық сатып алсаңыз, мархаббат.

Мерген

Кейбір Сарышаяндар қазан айында қызмет ауыстыруды мақсат етеді. Шешім шығармас бұрын міндетті түрде жұбайыңызбен кеңесіңіз. Мүмкін өмірлік серігіңіз мүлде басқа бағытты ұсынатын шығар?..

Тауешкі

Жұлдыздар ықпалды серіктес тауып, кәсібіңізді бір жолға қоюға кеңес береді. Оны алыстан іздеудің қажеті жоқ, кәсіби шеберлігіңізді көптен бері байқап жүрген іскер жандар көп ұзамай өздері қоңырау шалады.

Суқұйғыш

Қазір өзіңіз ойлағаннан көбірек күш жұмсауға тура келеді. Неліктен? Ойыңыз үнемі бір жерден шығатын жақтастарыңызды табу аса маңызды: кейбір әккі адамдар аяғыңыздан шалуға жиі әрекеттенеді.

Балықтар

Соншама көп жұмыстың өзін аз уақыттың ішінде еңсеруге болады. Мұны сіз әр қадамыңызды екшеп, нықтап басқан сайын түсінесіз. Ойлап жүрген затыңызды сатып алғыңыз келсе демалыс күндері қимылдаңыз.