11-17 қыркүйек аралығындағы Жұлдыз жорамал

887
көрілім

Тоқты

Апта табысты болғанымен, сізге көп күш жұмсауға тура келеді, дегенмен басы артық жұмыс бірқатар қателікке алып келуі мүмкін. Бұл өз кезегінде бірқатар материалдық шығындарға әкеп соғуы ықтимал.

Торпақ

Бұл аптада денсаулығыңыз біраз сыр беріп, бойыңыздан шаршаңқылықты сезінуіңіз мүмкін. Сондықтан жылы киініп, нәрлі тамақтанып, уақытыңыздың басым бөлігін демалысқа арнағаныңыз абзал.

Егіздер

Демалыс алуды жоспарлаған болсаңыз, бұл апта алыс сапарларға шығуға өте қолайлы. Бұл аптада жұмыс орныңыздағы лауазымы жоғары адамдардың қолдауына ие болып қалуыңыз ықтимал.

Шаян

Әлеуметтік салада, делдалдық және өзгелерге көмек көрсету бағыттарында қызмет ететін Шаяндардың жұмыстары жүріп, материалдық табыстарға кенеледі. Аптаның екінші жартысын демалысқа арнаңыз.

Арыстан

Апта Арыстандар үшін қауырт шаруаларға толы болмақ. Бұл белгінің көңіл-күйі тұрақсыз өкілдері үшін аптаның екінші жартысы бірқатар келеңсіз жағдайлар әкелуі ықтимал.

Бикеш

Алдағы апта саяхатқа шығып, тылсым дүниенің құпияларын зерттеп-білуге қолайлы кезең. Әсіресе шығармашылықпен, ғылыми жұмыстармен, спортпен айналысатын Бикештер үшін сәтті болмақ.

Таразы

Қарыз және мұрагерлік мәселелерін шешетін уақыт. Барлық маңызды істерді аптаның бірінші жартысында аяқтауға тырысыңыз. Аптаның екінші жартысында басы артық шығындар болып кетуі мүмкін.

Сарышаян

Бұл аптада спортпен шұғылданып, денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Арты ас қабылдап қоюдан сақ болыңыз. Алкогольді ішімдіктерден аулақ болып, шылым шегуді шектегеніңіз абзал.

Мерген

Көптен бері ойыңызда жүрген жоспарларыңызды іске асыратын кезең. Бұл аптаны басшылық екі арадағы қарым-қатынасты нығайтуға арнаған жөн. Сонымен қатар, біреудің арбауына түсіп қалу қаупі басым.

Тауешкі

Материалдық және табысты көбейту мәселелерін шешуге қолайсыз апта. Қолыңыздағы ақшаны аптаның басында жұмсағаныңыз абзал, екінші жартысында қажетсіз заттарға шығындалуыңыз ықтимал.

Суқұйғыш

Апта денсаулыққа қарайласатын кезең. Бұл уақытта басыңыз ауырып, буындарыңыз сырқырауы ықтимал. Аурудың алдын алып, дәрігерге қаралып, ем-дом жасаумен айналысыңыз.

Балықтар

Жаңа таныстар тауып, пайдасы бар адамдармен араласудың сәті түсіп тұр. Дегенмен туыстармен, басшылықпен және жасы үлкен адамдармен жанжалдасып қалу қаупі басым.