11 қыркүйекте ауа райы қандай болады?

285
көрілім

Республиканың екі облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге жетеді.

11 қыркүйекте Өскемен қаласында күн күркіреп, күндіз бұршақ жауады. Батыс, солтүстік-батыстан желдің екпіні секундына 20 метрге жетеді. Семейде 11 қыркүйекте күн күркіреп, күндіз бұршақ жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.