Тоқты
Жаңа таныстықтар орнатып, түрлі кездесулерге барасыз. Жұмыс бабымен де, жеке бас шаруасымен де алыс сапарларға шығып, айтары бар адамдармен ой алмасудың сәті түседі. Сәуір айының 15-і күні небір қызық оқиғалар өрбіп, жағымды жаңалықтар естисіз.
Торпақ
Қазір қалтаңызда, жинағыңызда қанша ақша қалды – барлығын ой сүзгісінен өткізіп, нақты есебін шығарып алыңыз. Бәлкім, отбасылық қазынаға кіріс әкелудің жаңа бір тәсілін ойластырғаныңыз жөн болар. Бастысы, қарыз алуға асықпаңыз.
Егіздер
Көптеген сыйлықтар мен тосын сыйлар әзірленуде. Мүмкін сізге, я болмаса туыс-туғандарыңыз ыстық ілтипатын танытып, өмірлік серігіңізді қуантуға келе жатыр. Сәуір айының 13-нен бастап жұрт назары сізге ауады.
Шаян
Сәуір айында сырт келбетіңіз ерекше келісіп, достарыңыз бен әріптестеріңіз үшін суырылып тартылған сымдай көрінесіз. Көпшілікті өзіңізге айрықша тартып тұрасыз. Мұндай қабілетіңізді құр жібермей, кейбір мәселелерді шешуде пайдаланып қалыңыз.
Арыстан
Жұмыстағы шаруаларыңыз бір сәт тоқтап, отбасындағы қарбалас қосарлана үймелене түскендей болады. Еш алаңдамаңыз. Бұл жоспарды түрде іске асқалы тұрған үзіліс. Апта соңына қарай барлығы бір қалыпқа түседі.
Бикеш
Тосынсыйы көп, ырың-жырыңы мол апта болғалы тұр. Оған қоса бар жауапкершілік бір өзіңізге артылғандай көрінеді. Уақтылы орындауға мұрша болмаса достарыңызды көмекке шақырудан еш қысылмаңыз. Жалпы, қандай істі бастасаңыз да сеніммен кірісіңіз.
Таразы
Тұрмыстық жағдайыңыздағы кейбір мәселелерді есепке алмағанда өзіңізді айтарлықтай бақытты сезінесіз. Жұлдыздар жалғызбасты Таразылар үшін апта соңы болашақ жарын жолықтыруға қолайлы уақыт дейді. Мәнсап жолында да ісіңіз оңынан болмақ.
Сарышаян
Денсаулығыңызға мән беруді ұмытпаңыз. Қан қысымыңыз көтеріліп, өзіңізді шаршаңқы сезінсеңіз ақ халаттыларға жүгінгеніңіз жөн. Жұмыстағы барлық тапсырмаларды өз міндетіңізге аламын деп күш-қуатыңызды сарқып алып жүрмеңіз.
Мерген
Аз-кем босаңсып, арқаны кеңге салуға болады. Бұл тұрғыда сіз тек бағыттаушысыз. Бала-шаға, жұбайыңыз келіп жөн сұраса, өмірлік тәжірибеңізден алынған құнды кеңестеріңізді аямаңыз.
Тауешкі
Өкінішке қарай, өміріңіздегі болып жатқан көптеген жағдайлар сіздің пайдаңызға шешілмейді. Өзіңізге нақты не қажет екендігін нақтыламайынша, біршама істің соңы нәтижелі болады деу қиын. Сондықтан өзіңізге үнемі сенімді болыңыз.
Суқұйғыш
Қазіргі кезеңде көңіл-күйіңіз көтеріліп, көктемгі жайдары мінезге ие боласыз. Махаббат айдыны мен рухани әлемдегі өзіндік орныңызды осы бастан айшықтай білген жөн. Ол жағы кенжелеп тұрса шығармашылық жағына мән беруді кәперіңізден шығармаңыз.
Балықтар
Қазір Балықтар үшін эмоциялық тұрғыда ауыр әрі қарбалас кезең болғалы тұр. Жұмыстағы жоғары қарқыныңыздан танбауды жоспарласаңыз көп күш жұмсауға тиіссіз. Тұтас әлем сізге қарсы шыққандай көрінсе де сағыңыз сынбасын.