Тоқты
Сіздің жайыңыз қазір келіспей жүр. Алайда сарыуайымға салынбаңыз. Ақшаға абай болыңыз: қыдыруға, жөндеу жұмыстарына, емделуге қаражат керек болып қалар. Бұрынғы қордаланып қалған мәселелер бой көтеруі ғажап емес. Бәріне де сақ болыңыз.
Торпақ
Торпақтардың құлшынысы артып, жұмысқа деген ынтасы көбейеді.Өміріңізді түбегейлі өзгертуге сіздің күш-қуатыңыз жетеді. Алайда жақындарыңызбен сөзге келіп қалуыңыз мүмкін. Бұл апта сынақ тапсыруға болмаса ғылыми жұмыстармен айналысуға қолайсыз.
Егіздер
Тамыздың орта шенінде жаңа таныстықатр сіз үшін пайдалы болуы мүмкін. Бұл орайда тәуекелге бел буу – өз қолыңызда. Ең бастысы, сенімді жоғалтпаңыз. Аптаның бірінші жартысы ақша мәселесін шешіге, серіктестермен келісімшарт жасасуға қолайлы кезең. Қалай дегенмен ақша мәселесіне аса сақ болыңыз.
Шаян
Бұл аптада аса маңызды істерді қабылдамаңыз, сырыңызды аша бермеңіз. Осылайша сіз артық қауесет сөздерден құтыласыз. Денсаулығыңызға көп көңіл бөліңіз.
Арыстан
Жұлдыздардың жоспары жақсы. Достарыңыз бен таныстарыңыздан тосынсый күте беріңіз. Сізден сұралатыны – үйде де түзде де кез келген мәселені жылдам шешеіп, қажет болса біреулерден көмек сұрауға да арланбаңыз.
Бикеш
Қаурт жұмысқа дайын болыңыз. Бірақ оның жалақысы кешеуілдеуі мүмкін. Сол себепті алдын ала болжам жасамаңыз. Қомақты сауда жасамаңыз. Аптаның екінші жартысында отбасылық сауда-саттыққа ақша жұмсалуы мүмкін.
Таразы
Сіздің жұлдызды сәтіңіз туып тұр!Ғашықтық сезім, жаңа таныстықтар, бағалы зат сатып алуыңыздың барлығы да өзіңіздің пысық-ширақтығыңыздан. Іскерлік қарым-қатынасты өзгертугу жол ашылады. Алдағы өміріңізде өзіндік рөл атқарылатын жаңа таныстықтар басталады.
Сарышаян
Жұлдыздар сізге жақсы өмір тарту ете қоймайды. Жанұяңыздың жарастығын сақтап қалу үшін де көп күш-жігер жұмсайсыз. Бір мезетте жұмыстағы мәселелерді реттеп, әріптес-серіктестеріңізбен арадағы қарым-қатынасты жолға қоюға тура келеді. Сабырлық сақтаңыз.
Мерген
Мейлі, қалай болса да сіздің тасыңыз өрге домалайды. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! Келелі істерге жол ашылып, қаржылық жағдайыңыз молая түседі. Денсаулығыңызды естен шығармаңыз.
Тауешкі
Сізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Алайда өзіңізге тым салмақ түсірмеңіз. Бір уақ тынығып алғаныңыз да жөн. Достарыңызбен табиғат аясына шығып, көңіл сергітіңіз
Суқұйғыш
Естен кетпес апта болмақ. Махаббат қызық мол күндер басталмақ. Бірақ қалай дегенмен, бәрі де сол ақшаға келіп тіреледі. Бірде от боласыз, бірде жоқ боласыз. Дегенмен тұйықтан жол тауып кете аласыз.
Балықтар
Бұл аптада бәрі де «қойдан жуас, бетегеден аласа» болмақ. Ештемеге алаңдамаңыз: жақсылық өзінен өзі келеді. Тағдырдың бұйырған несібесінен құр қалмаңыз. Біреулерді бала-шағасы қуантса, енді біреулер сүйіктісінің жақсылығына мәз болады.