13-19 қаңтар аралығына арналған жұлдыз-жорамал

445
көрілім

Тоқты (21.03-20.04)

Тоқтылар үшін бұл апта сәл ауырлау болады. Өзіңіздің пайдаңызға шешілмейтін жағдайларға тап болуыңыз мүмкін. Дегенмен құлшынысыңызды тоқтатпаңыз. Серіктестеріңізбен үйлесімді қарым-қатынас орнатуға кедергі келтіретін стереотиптерден арылуға тырысыңыз. Қаржылық мәселелер туындауы да мүмкін. Сондықтан қажетсіз шығындарға аса көп жол бермеңіз.

Торпақ (21.04-21.05)

Сіз үшін апта сәтті! Көптеген қарым-қатынас, қызықты адамдармен кездесу, жаңа кәсіп және шығармашылық серіктестер. Айналаңыздағы адамдарға деген күдіктен арылып, оларға толықтай сенуіңізге болады. Өзіңіз үшін қажет деп санаған өзгерістерге іс жүзінде асықпаңыз.

Егіздер (21.05-21.06)

Бұл аптада Егіздер жағымсыз жағдайларға тап болмақ. Әрине сіз үшін қиынға соғуы мүмкін, бірақ уайымдамаңыз, нәтижесінде барлығы жақсы болады! Сол себепті болып жатқан жағдайларға байланысты қорытынды жасауға асықпағаныңыз абзал. Аптаның алғашқы күндері өз-өзіңізбен жеке қалғаныңыз жөн.

Шаян (22.06-22.07)

Шаяндар үшін қиын кезең басталмақ. Бұл аптада денсаулығыңызға көбірек көңіл бөліңіз. Жиі демалуға тырысыңыз және өзіңізге қажеті жоқ мәселелерге араласпаңыз. Алданып қалу, қателесуден сақ болыңыз! Аптаның екінші жартысында жеке қалып, қиял әлеміне берілгіңіз келсе де, жұмысыңыз оған кедергі келтіруі мүмкін.

Арыстан (23.07-23.08)

Бұл жұлдыз белгісінің иелері үшін келер апта жаңару, шығармашылық белсенділік және өзін-өзі тану аптасы болмақ. Алға жылжуыңызға кедергі келтіретін барлық жаман қасиеттеріңізбен күресіңіз. Өзіңіздің жеке әлеміңізден бас тартудың қажеті жоқ. Басыңыздан өткен жағдайлар туралы асықпай ойланып, дұрыс шешім қабылдағаныңыз жөн. Өзіңіздің ақылыңызбен өмір сүріңіз. Сол кезде өз тағдырыңыздың қожайыны өзіңіз екенін сезіне аласыз!

Бикеш (24.08-23.09)

Сіз үшін мол пайда табуға, қызықты жобаларды ойлап тауып, жаңа шығармашылық байланыс құруға үлкен мүмкіндік. Тек өздігіңізден асығыс шешім қабылдаудан аулақ болғаныңыз жөн. Түпкілікті шешім қабылдар алдында маңайыңыздағы жақындарыңызбен ақылдасыңыз. Аптаның екінші жартысында сіз үшін қауырт жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Кез келген істе батыл шешім қабылдап, тәуекелге бел буыңыз, сонда ғана жоғары табысқа жетесіз.

Таразы (24.09-23.10)

Сіздің белсенділігіңіз жақсы нәтижелерге жеткізетіні сөзсіз. Алайда қазіргі уақытта Таразылар әріптестерінің кеңестері мен пікірін елемей жұмыс жасауға бейім, сол себепті еш қолдаусыз қызмет етуіңіз де мүмкін. Аптаның екінші жартысында көп еңбектенуге тура келеді. Ең бастысы, қиындыққа тап болудан және өзге жандардың көңілін қалтырудан абай болыңыз.

Сарышаян (24.10-22.11)

Сарышаяндар тек өзінің жеке пікірімен ғана санасады. Бұл ұстаныммен басқа жандарды ренжітіп алуыңыз мүмкін. Адал болыңыз, әйтпесе достарыңызды жоғалтып аласыз. Аптаның басында сізге командамен, ұжыммен жұмыс жасау қиынға соғады, бұл жағдай сіздің мәртебеңізге әсер етуі мүмкін. Сол себепті келіспеушіліктерден бойыңызды аулақ ұстағаныңыз абзал. Мүмкіндік болса біраз үзіліс алып өз-өзіңізге келіп алыңыз.

Мерген (23.11-21.12)

Бұл аптада өзіңізден жасы үлкен адамдармен немесе басшылықпен келіспеушіліктер орын алуы мүмкін. Мергендер үшін келіссөздер жүргізіп, бизнес мәселелерін шешу қиынға соғады. Аптаның басы сіз үшін ауыр басталмақ. Сіз үшін өз ойыңызды жинақтау қиынға соғады. Ол үшін ең оңтайлы шешім жақсы демалыс пен таза ауа.

Тауешкі (22.12-20.01)

Тауешкілер бұл аптада кез келген дүниені көңіліңіне алып, тырнақ астынан кір іздемегені абзал. Себебі сізді аптаның аяғында қызықты оқиғалар күтеді. Өзімшілдігіңізді доғарыңыз. Жақындарыңызбен, әріптестеріңізбен және достарыңызбен қарым қатынасыңызды бұзғыңыз келмесе берген уәделеріңізді уақытылы орындауға тырысыңыз.

Суқұйғыш (21.01-19.02)

Бұл белгідегі ер адамдар өзінің жарымен ренжісіп қалуы мүмкін. Оған себеп болатын өткен реніштер мен сіздің есіңізден шығып кеткен, шешімін таппаған мәселелер. Сол себепті барлығын қазірден бастап қолға алғаныңыз дұрыс. Кез келген жағдайда әділ шешім қабылдауға тырысыңыз. Аптаның ортасында барлығы өз орнына келеді.

Балықтар (20.02-20.03)

Балықтар бұл аптада өте қатал болады және ашумен жасаған іс-әрекеттері жарақат алуға, жолдағы көлік апатына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан өзіңізді қолға алыңыз. Жұмыс бабында сіздің жасаған іс-әрекеттеріңіз үнемі жақсы нәтиже әкеле бермесе де, бұл сіз үшін өте белсенді болатын уақыт. Сондай-ақ бұл аптада әділетсіздікке ұшырауыңыз да ғажап емес. Сондықтан сақ болыңыз.