Тоқты
Болып жатқан жайттың барлығына бірдей өзгеріс енгізу мүмкін емес. Сәл ой тереңіне сүңгіп, философиялық көзқарас танытып көріңіз. Көңіліңіз елегізіп, аңсарыңыз ауып жүрген аруға сезіміңізді білдіруге қолайлы уақыт.
Торпақ
Қазіргі жұмысыңыз көңіліңізден шықпаса, басқа қызметке ауысуыңызға тамаша мүмкіндік. Оны шамамен қыркүйек айының 13-17 аралығына жоспарлаңыз. Қандай мәселеге тап болсаңыз да жинақылықты жоғалтпаңыз.
Егіздер
Аяғыңызды алшаң басамын деп көптің көңілтолмаушылығына тап болмаңыз. Жалпы кез келген сәттілік пен игілік жария етпеуді құп көреді. Өз құқығыңызды қорғау керек болса ойыңызды бүкпесіз жеткізіңіз.
Шаян
Біреумен сөзге келмей қалсаңыз жағдайды тез арада реттеуіңізге болады. Ол үшін апта ортасында шаңырағына арнайы атбасын бұрып, емін-еркін әңгіме-дүкен құрсаңыз жеткілікті. Талай нәрсенің басы ашылып, көп дүниелер орнына түседі.
Арыстан
Маңызды шаруаларды қазір бастаудың қажеті жоқ. Ұсақ-түйек тірліктерді апта басталғаннан-ақ еңсеріп тастағаныңыз ләзім. Ал отбасылық саяхат жоспарлаған болсаңыз Жұлдыздар сәтті өтетіндігіне еш күмән келтірмеуде.
Бикеш
Кейбір Бикештер үшін бұл кезең әлдеқандай жаңашылдықтың бастамасы іспетті. Тартымды әрі тиімді ұсыныстар түссе көп ойланбастан келісім беріңіз. Үй-ішіңізбен ұрсысып қалсаңыз, қызбалыққа салынбаңыз.
Таразы
Қолға алған ісіңіз бірінен соң бірі орындалмай жатса, әлдеқандай белгі деп біліңіз мұны. Қай жерден шалыс басқаныңызды ой елегінен өткізіңіз. Жеке өміріңізде мүлгіген тыныштық орнаса да жалғыздықта өзіңізді жаман сезінбейсіз.
Сарышаян
Өмірлік серігіңізді қазір жолықтыра аласыз. Сарышаяндарға демалыс күндері саябақтар мен мәдени орындарға бас сұққан жөн: аңсары ауған жанды сонда жолықтыра алады. Мүмкіндігіңізді молайту үшін ұдайы жымиып жүріңіз.
Мерген
Шығармашылық тұрғыда өзіңізді дамытамын десеңіз барлық бағыттың қақпасы айқара ашық. Дұрысы, жоспарыңызды қойындәптеріңізге түртіп отырыңыз. Жұлдыздар рухани тұрғыда азықтануға орайлы кезең деп болжауда.
Тауешкі
Айналыңыздағы әрбір жайт бекерден-бекер болып жатқан жоқ. Бірақ мұны сіз бірден аңғармайсыз. Бейтаныс адамдармен жолықсаңыз, сырыңызды сыртқа көп жария етпегеніңіз дұрыс.
Суқұйғыш
Дос-жарандарыңыз тіл қатуда ашушаң мінез танытатындай. Бұған еш мән бермеңіз: кейбірі күздің алғашқы айында жоспарлаған шаруаларын тәмамдап үлгермей жатулары мүмкін. Қазір алыс сапарға шықпағаңыз жөн.
Балықтар
Сенбі, жексенбі күндері саяжайға барып қайтсаңыз болады. Ал аптаның алғашқы бес күнінде үйдің күйбең тірлігін қолға алыңыз. Басшылық соңғы уақытта сізге тым босап кетті деп күмәнмен қарауы мүмкін.