Тоқты
Тоқтылар қандай да бір қателік жасаса, мұның арты айтарлықтай қиындыққа әкелмейтінін ескергендері жөн. Ең өкініштісі, мәселе өз бетімен шешіледі деп қол қусырып, ешқандай шара қабылдамау. Сондықтан қайнаған тірлік ортасында жүрсеңіз өзіндік пікіріңіз қалыптасып, өмірлік тәжірибе жинайсыз. Демалыс күндері тынығып алғаныңыз абзал.
Торпақ
Адамдармен қарым-қатынас орнатуға асығыңыз. Оның соңы көл-көсір пайда әкелмесе де көпшілікпен байланыста болғаныңыз өзіңіз үшін тиімді. Жақындарыңыз ақтарылып, шер тарқатуды құп көрсе, достарыңыз қызықты оқиғаларымен бөліседі. Сенбі күні табиғат аясына шығып, серуендеп қайтыңыз.
Егіздер
Қорқыныш пен күмәнді бойыңыздан шығарып тастаңыз. Себебі қазір тартыншақтап, маңызды шешім қабылдау кезінде жүрексінудің еш қажеті жоқ. Жалпы бір іске кірісерде мұқият жоспар құрып, жеті рет өлшеп, бір рет кескеніңіз дұрыс. Жүктемеңіз көбейіп кетсе аз-кем үзіліс алыңыз.
Шаян
Жұмыс күндері тосын жайттар шығып, назарыңыз басқа жаққа ауа бастайды. Бастығыңыз сізді үнемі бақылап жүргенін естен шығармаңыз. Осалдық танытсаңыз ескерту алып қалуыңыз мүмкін. Абзалы, апта соңына қарай жаңадан жобалар ойластырып, көзге түсуге тырысыңыз.
Арыстан
Ауа райының бұзылуы, күтпеген жерден үстіңізге кофе төгіліп, төсектен сол аяқпен тұру... Мұның барлығы сізге теріс әсер етіп, ашуға ерік беруіңізге себепкер болуы мүмкін. Мұндайда қызуқандылыққа салынудың еш қажеті жоқ, қайта қаныңыз басыңызға шапқанда сабырлық танытсаңыз ісіңіз алға баспақ.
Бикеш
Бейтаныс жолды таңдау арқылы Бикештердің айы оңынан тумақ. Осыған дейін тығырықтан шығар жол іздеген болсаңыз қазіргі кезең жағдайды реттеуге қолайлы болып тұр. Тапқырлығыңызда шек жоқ, сондықтан бар ықыласпен іске кірісіп, белсенділігіңізді көрсетіп бағыңыз.
Таразы
Күтпеген жағдайларға дайын жүріңіз. Жұмысыңызда ауыс-күйістер орын алады. Бастығыңыз іс-сапарға жіберіп қалуы мүмкін. Дәл осы кезеңде күрмеуі қиын мәселелер шешімін тауып, иығыңыздан ауыр батпан түскендей болады. Бос уақытта тау-тасты аралап, экстремалды демалыс жасауыңызға болады.
Сарышаян
Сіздің кәсіби шеберлігіңіз ұжымда айрықша бәсекелестіктің туындауына себепкер болмақ. Ұрыс-керіс пен шекісуді құп көрмесеңіз қалың топтан дараланып, көш басына шығуға ұмтылмағаныңыз жөн. Жүйкеңіз бен күш-қуатыңызды сақтаңыз. Болашақта керек болады.
Мерген
Аптаның басында романтикалық кезең күтіп тұр. Алайда осының салдарынан сізге көзі түсіп жүрген жандардың жүрегі жараланып, қызғаныш сезімдері оянулары мүмкін. Жағдайды бақылауға алып, жар таңдауда қателеспеуге тырысыңыз. Табиғат аясына шығып, оңаша сырлассаңыздар тіптен құба-құп.
Тауешкі
Алдағы аптада ісіңіз ілгерілеп, әріптестеріңіздің арасында беделіңіз артады. Алайда бірде жақсылық, бірде жамандық қатар жүріп, арагідік жоспарларыңыз жүзеге аспауы мүмкін. Салқынқандылық танытыңыз. Абзалы, құмар ойындарға әуестенбей, қарызға ақша алмаған дұрыс. Денсаулығыңызға да мән беруді ұмытпаңыз.
Суқұйғыш
Болмашы жұмыстармен айналысып, ұсақ-түйек шаруаларға бас ауыртып, алтын уақытты бейберекет өткізбеу қажет. Жұмыста бәрі бірқалыпты, дегенмен жанұяңызда жоқ жерден дау-жанжалдар шығуы мүмкін. Барлығын ысыра тұрып, сәл тынығып алуды ойлаңыз. Жақындарыңызбен ренжісіп қалсаңыз кінәні өзіңізден іздеңіз.
Балықтар
Бұл кезеңде сізге сүйіктіңіздің назары жетіспейді. Құдды сізді мүлде ұмытып кеткендей әсер қалдырады. Өзіңіз бастама танытып, жүрегіңізге жақын адамды мейрамханаға шақырыңыз. Алыс сапарға шыққанда сақ болыңыз, жылдамдықты асырмағаныңыз дұрыс.