14-20 желтоқсан аралығын арналған жұлдыз-жорамал

794
көрілім

Тоқты

Апта басында білім көкжиегін кеңейтіп, өзіңіз үшін жаңа әлемнің қақпасын ашуға асық боласыз. Дегенмен тың ақпарат осы екен деп барлығына бірдей сенуден сақ болыңыз. Себебі кез келген мәлімет нақтылауды қажет етеді. Шындық пен жалғанның аражігін ажыратуға достарыңыз көмектеседі.

Торпақ

Жауапты қызметті мойныңызға алып, батыл шешімдер қабылдайтын уақыт келген сыңайлы. Тәуекел етемін деп қауіпті қадамға баруға асықпаңыз. «Сақтықта қорлық жоқ» деген. Жұмысыңызда кездейсоқ жарақат алудан аулақ болыңыз. Апта ортасы маңызды келісімшарт жасасуға қолайлы.

Егіздер

Осы кезең мақсатыңызды айқындап, іскерлік бағытта өз орныңызды бекіте түсуге ыңғайлы. Әсіре белсенділігіңіз әріптесіңізге жақпауы мүмкін. Сондықтан құрған жоспарыңызды ара-тұра бөлісіп, кейбір мәселелерді бірлесе отырып шешкеніңіз жөн.

Шаян

Жұмыста еңбегіңіз жанып, беделіңіз артуы үшін апта басында кәсіби шеберлігіңізді көрсете түсіңіз. Алайда ойлағаныңыздың барлығы дерлік жүзеге аса бермейтіндігін есте ұстаңыз. Мұндайда тәжірибеңізге сүйеніп, өзіңізді суда жүзген балықтай сезінетін салада мүмкіндігіңізді паш етіңіз.

Арыстан

Апта басында көптеген Арыстандарға жеке өмірлерін реттеп, сүйіктілерімен тіл табысуды ойластырған жөн. Себебі осыған дейін жұмыстың әуре-сарсаңымен жүрген көпшілігі араларын суытып алған. Жұбыңызды енді тапқан болсаңыз, сүйгеніңізге тосынсый жасап, сезім қылын жалғай түсіңіз.

Бикеш

Осы кезең кез келген тұрмыстық мәселелерді шешуге қолайлы. Үйіңізді жинастырып, қажет болса бөлмелерге өзгеріс жасауыңызға болады. Дей тұрғанмен кейбір жайттарда қабырғаңызбен кеңесіп, жан-жақты ойластырып барып істі қолға алыңыз.

Таразы

Апта ортасында күтпеген таныстық орнатып, махаббат кемесіне мінуіңіз мүмкін. Уақытыңыздың көп бөлігін ұнатқан адамыңызбен өткіземін деп жұмыс кестеңізді бұзып алмаңыз. Апта соңына қарай ойыңыз бір жерден шығатын әріптестеріңізбен бас қосып, жаңа идеяларыңызбен бөлісесіз.

Сарышаян

Маңдай теріңізбен тапқан табысыңызды үнемдеп пайдалануға тырысасыз. Алайда басына іс түсіп, қарызға ақша сұраған таныстарыңыз жоспарыңызды күрт өзгертіп жібереді. Қолұшын беруден ат тонын ала қашпағаныңыз жөн. Қайта жанынан табылыңыз. Бастысы айналаңыздағы адамдардың алдында абыройыңыз асқақтап, мерейіңіз арта түседі.

Мерген

Апта басталғалы жаңа мәліметтер жинап, түрлі жаңалықтардан хабардар болуға асығасыз. Әр нәрсені білуге деген құштарлығыңыз артып, кез келген адаммен қарым-қатынас орнатуға әзір боласыз. Ескі таныстарыңызды жолықтырып, олар үшін білімпаз, парасатты адам болып көрінесіз. Иә, қазір сіз расымен де сондай деңгейдесіз!

Тауешкі

Жұлдыздар томаға-тұйық Тауешкілерге таныстары мен әріптестері арасында жиі пікір алмасқан жөн. Осыны жиі қайталай отырып, түбі шаршы топ алдында қаймықпай сөйлеп, қандай жағдай болсын өз ойын бүкпесіз жеткізетін деңгейге көтерілулері әбден мүмкін. Дегенмен бейтаныс адамдармен сырыңызды бөлісе бермеген жөн.

Суқұйғыш

Осы аптада қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерден хабардар болуға құмартасыз. Өзге саланың білгірлерімен қарым-қатынас орнатып, соңына серіктес болуыңыз мүмкін. Тек құжатқа қол қоярда сақ болыңыз. Болмашы ағаттық жоспарыңыздың күл-талқанын шығаруы кәдік.

Балықтар

Балықтар бір нәтижеге жету үшін алдына тау мақсаттар қояды. Барлығы өз ойлағаныңыздай болмаса, сабыр суыңызды сарқып алмаңыз. Кез келген орындалмаған істер сіз үшін сынақ болуы мүмкін. Мақсатыңызға жету жолында көбінде ішкі түйсігіңіз бен кәсіби шеберлігіңізге иек сеніңіз.