Тоқты
Материалдық жағдайды тұрақтандыру үшін көп күш қажет болады. Бұл кезең ауыр жұмысқа ден қоятын уақыт емес, сондықтан ой жұмысымен айналысатын Тоқтылар үшін таптырмайтын кезең.
Торпақ
Торпақтардың бойына күш-қуат толысатын кезең. Бойыңыздағы күш-қуатқа сеніп артық жұмыс алып қоюдан аулақ болыңыз. Қолыңыз босаса таза ауада жаяу серуендеп қайтуға тырысыңыз.
Егіздер
Шығармашылық машықты жетілдіруге қолайлы уақыт. Сондықтан бұл белгінің шығармашылықпен айналысатын өкілдеріне жаңа шабыт алып, ойлаған жоспарларын іске асыруларына болады.
Шаян
Сіздің материалдық жағдайыңыз өзіңіздің батылдығыңыз бен ойлау қабілетіңізге байланысты болмақ. Сондықтан аталмыш қасиеттердің лауазымдық өсуге септігін тигізетінін ұмытпағаныңыз абзал.
Арыстан
Бойыңызға күш-қуат жинап, ойыңызды жүйелейтін уақыт келді. Бұл аптада сіздің физикалық жағдайыңыз ішкен асыңызға байланысты болғандықтан, нәрлі тамақтанып, дене жаттығуларына көңіл бөліңіз.
Бикеш
Бұл аптада бұл белгінің көптеген өкілдері қажетті адамдармен таныстық орнатып, маңызды іссапарларға шығып кетуі мүмкін. Апта соңына қарай басыңыздың сақинасы ұстап, денсаулығыңыз нашарлауы мүмкін.
Таразы
Қаржылық жағдайды тұрақтандыру бұл аптадағы Сіздің басты мақсатыңыз. Сондықтан қол қусырып отырмаңыз. Әсіресе сауда-саттық, ақпарат және білім беру саласы қызметтеріндегі адамдардың жолы болмақ.
Сарышаян
Бұл аптада денсаулығыңыз біраз нашарлауы мүмкін. Әсіресе тыныс алу жолдарына сақ болып, жылы киініп, шылым шегуді шектегеніңіз жөн. Тәтті тағамдардың да бауырға салмақ түсіретінін ұмытпаңыз.
Мерген
Бұл белгінің көптеген өкілдері үй жұмыстарын реттеп, отбасылық мәселелерді шешумен айналыспақ. Үй ішіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жаңа жихаз бен тұрмыстық техника сатып алыңыз.
Тауешкі
Материалдық жағдайыңыз ақыл-ойыңыздың саралығы мен белсенділігіңізге байланысты. Бұл аптада ақшаны қолөнер, ақпарат және оқытушылық қызметпен айналысатын Тауешкілер көбірек таппақ.
Суқұйғыш
Көптен бері ойлаған жоспарларыңыз іске асып көңіл-күйіңіз жақсаратын уақыт. Дегенмен, жағдайдың жақсылығына масаттанып, денсаулығыңыздың жайын ұмытып кетпеуге тырысыңыз.
Балықтар
Басы бос балықтар болса өмірлік серігін тауып, отбасын құруға қолайлы уақыт, сондықтан уақытыңыздың басым бөлігін көпшілік арасында, көңілді отырыстарда болуға бөлгеніңіз дұрыс.