14 ақпаннан бастап оқушылар дәстүрлі форматқа көшеді

307
көрілім
Фотосурет m.ru.sputnik.kz сайтынан

Елімізде 14 ақпаннан бастап оқушылар дәстүрлі оқыту форматына көшеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Informburo.kz-ке сілтеме жасап

Бұл туралы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды.

– Мектептерді толыққанды офлайн оқыту форматына көшіру туралы мәселе қаралды. Нәтижесінде, келер аптадан бастап еліміздің барлық сынып оқушылары дәстүрлі оқыту форматына көшеді, – делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, 24 қаңтардан бастап 600 оқушыға дейінгі мектептер толыққанды офлайн-оқытуға көшті. Ол негізінен жобалық қуаттылығы 50%-дан аспайтын жүктемесі бар 1-4 сынып оқушыларын қамтыды. Ал 5-11 сынып оқушыларына қатысты мектеп әкімшілігі ата-аналардың балаларын дәстүрлі форматта оқыту жайлы ойларын ескерген еді.