16 – 22 наурыз аралығына арналған жұлдыз-жорамал

562
көрілім

Тоқты

Көп уайымдап, абыр-сабырға түсесіз. Маңызды жәйттарға ғана көңіл аударып, ұсақ-түйекке бола жүйке жұқартпағаныңыз жөн. Әлдекімге көңіліңіз ауып жүрсе, Жұлдыздар сезіміңізге тұсау салмауға кеңес береді. Бұл апта ұнатқан адамыңызға «Мен сені сүйемін» деуге орайлы сәт.

Торпақ

Үйде дау-жанжал шығып, екі оттың ортасында қалуыңыз мүмкін. Біреуге жақтас болғанша, бейтарап болып қалғаныңыз дұрыс. Болмайтын нәрселерді ойлаймын деп күйзеліске түсіп кетпеңіз. Денсаулығыңыздың сыр беруі де ғажап емес әйтпесе. Демалыс күндерін достарыңызбен бірге өткізгеніңіз жөн.

Егіздер

Басшылық жүктемелер легін көбейтіп, қарым-қабілетіңізді байқауды жөн көреді. Барыңызды салып, өзіңізді жақсы қырыңыздан көрсетсеңіз кейін еңбегіңіз еленетініне еш күмәніңіз болмасын. Соңғы уақытта отбасыңызға көңіл бөле алмай жүргеніңізді байқайсыз. Ара-тұра табиғат аясына шығып, сүйіктіңіздің көңілін аулауға тырысыңыз.

Шаян

Қазір жалғызбасты Шаяндардың дегені болып, екінші жартысын жолықтырулары мүмкін. Оған тым жоғары талап қойып, қолыңызға қонғалы тұрған бақыт құсын үркітіп алмаңыз. Ата-аналар бауыр еті баласына зекімей, қайта мейілінше назар аударып, барынша көңіл бөлуге тырысқандары жөн.

Арыстан

Осы аптада үйде де, жұмыста да шаруалар шашетектен болып, бас қатырар мәселелеріңіз көбейе түседі. Бірақ бар жұмысты уақтылы тындыруға сіздің шама-шарқыңыз жетіп тұр. Күш-қуат жинау үшін демалыс күндерін қала сыртында өткізіңіз. Апта ортасында қаржылық мәселелеріңіз шешіліп қалуы мүмкін.

Бикеш

Үйдің төрт қабырғасына қамалып, томаға тұйық болып жүргенше, көпшілік арасында болуға ұмтылыңыз. Өзіңіз жалғызсырап жүргенде достарыңыз да өздерін басқа қырынан көрсетулері мүмкін. Мәселеге үңілу үшін артқа бір қадам жасап, жақсылап ойланып алыңыз. Дегенмен достарыңызбен ара қатынасыңызды үзбегеніңіз ләзім.

Таразы

Сізге жаңа қызмет ұсынуы мүмкін. Бір шешім шығармас бұрын бұған дайынсыз ба, жоқ па, бұл жағын жеті рет өлшеп, бір рет кесіп алыңыз. Егер келісіміңізді берсеңіз, онда іске сәт! Наурыз айының 22-сі сіз үшін ерекше күн болмақ. Бәлкім, жаңа таныстық орнатып қалуыңыз ғажап емес.

Сарышаян

Бойыңыздағы иммунитетіңіз түсіп кеткендей өзіңізді жайсыз сезінесіз. Денсаулығыңыз сыр берсе, пайдалы дәрумендерді көп тұтынуға тырысыңыз. Өкінішке қарай, отбасыңызда ыдыс-аяқ сылдырлап, ұрыс-керіс шығуы мүмкін. Мұндайда өзіңіз бірінші қадам жасап, сүйіктіңіздің көңілін аулаңыз.

Мерген

Бұл кезеңде күйбең тірліктер көбейіп, шектен тыс шаруалар сізді қажытып жібереді. Алайда түптің түбінде демалудың да сәті түседі. Жұлдыздар қазір басшыңызбен кикілжіңге келмеуге кеңес береді. Әрі әріптестеріңізбен де оң қарым-қатынаста болғаныңыз жөн.

Тауешкі

Күрделі тапсырмаларды бір өзіңізге қолға алу қиынға түседі. Абзалы, әріптестеріңізбен тізе қосып, жақын адамдарыңызбен кеңесіп барып іске кірісіңіз. Сәтсіздіктерге бола салыңыз суға кетіп, сағыңыз сынбасын. Қателікке бой алдырсаңыз, содан ой түйіп, өмірлік тәжірибе жинақтаңыз.

Суқұйғыш

Өзіңізді дамытып, біліктілігіңізді арттыруға таптырмас кезең. Жаңа дүниелерді үйренемін десеңіз, наурыз айының 16-шы жұлдызын таңдаңыз. Өзіңіздің еңбексүйгіштігіңізге қарай үйіңізге түсер табыс мөлшері де айқындалады. Қажырлы еңбектің арқасында бір жетістікке жетпей тынбайсыз.

Балықтар

Қаржылық тұрғыда ісіңіз ілгерілей түседі. Ақшаңызды кейін өзіңізге пайда әкелетіндей етіп айналымға салсаңыз да болады. Бұл уақытты жұмыстағы ықпалды адамдармен байланыс орнатуға арнасаңыз, өзіңіз үшін тиімді. Спортзалға барып күш-қуатыңызды жұмсай бермегеніңіз жөн. Бір уақ демалып алғаныңыз жөн болар.