16 қазанда жоспарланған профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Zakon.kz.-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Қазтелерадиода хабарлады.
«2019 жылдың 16 қазанында сағат 03:00-ден 17: 00-ге дейін жерсеріктік, жер үсті сандық, аналогты теледидар және радио тарату желілерінің жабдықтарында жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, жұмыс уақытында бүкіл Қазақстан бойынша телерадио арналарын қайта таратуды уақытша тоқтата тұру жоспарланған», деліген таратылған хабарламада.