Тоқты
Жаңа жылда осыған дейін ойлап жүрген тілектеріңіз орындалуы мүмкін. Ұлу жылына аяқ баса бірден күрделі меже бағындырып бастау міндет емес. Қаңтар айының 5-6 күндері шаштараз бен сән салонына барып, сырт келбетіңізге мән беріңіз.
Торпақ
Тапсырманың көптігінен шығар, Торпақтар мереке қарсаңында көңілдері құлазып, салы суға кетулері мүмкін. Өмірлік серігіңіз, я болмаса туысқандарыңызбен сөзге келмей қаласыз. Асығыс шешім шығармай, ақыл таразысына салғаныңыз жөн.
Егіздер
Талай нәрседен бас тартып, апта аяғында бір жаққа барып қайтыңызщз. Біреу-міреу өтініш айтып, көмек сұраса, ақыл-кеңес беруге асықпаңыз. Өзгеге жөн сілтеймін деп өзіңіз олқылыққа бой алдырып жүрмеңіз.
Шаян
Жаңа жыл басталғанда көп өзгеріс болғаны жайлы тілек білдіресіз. Әлбетте, жақсы жағынан. Олай болса, қалт жіберіп алмаңыз. Басы бос Шаяндар мереке күндері болашақ жарын жолықтырып, махаббат кемесіне мініп қалулары әбден мүмкін.
Арыстан
Арыстандар үшін апта басы қарбалас өтеді. Мезгілінен ерте босаңсып, өз ісіңізге немқұрайлы қарамаңыз. Жұмыста барлық тапсырманы орындап, басшылықпен жақсы қарым-қатынаста болуды негізге алыңыз.
Бикеш
Жаңажылдық тілекті осы бастан тілей беріңіз. Көтеріңкі көңіл күй талай жұмыстың шетін шығарып, ізгілікке жетелейді. Демалыс күндері үйде қамалып отырмай, табиғат аясына шығып қайтыңыз.
Таразы
Алдағы аптада жақсы һәм жағымсыз жаңалықты қатар естисіз. Қолға алған ісіңіздің барлығы ойдағыдай шығуы үшін көптің пікіріне құлақ асудың қажеті жоқ. Жұлдыздар қарызға ақша бермеуге кеңес береді.
Сарышаян
Қаңтар айының алғашқы онкүндігі бітпей, қаржылық жағдайыңызды біршама реттеп аласыз. Бәлкім лоторея ұтасыз, мүмкін жұмыста «13-ші жалақыға» ие боласыз. Тек мұны көпке айтып, жаратып жіберуге асықпаңыз.
Мерген
Апта бойы Мергендердің көңіл күйі түсіңікі болады. Отбасында болмашы нәрседен шыққан дау-дамайдың тезірек аяқталуы ұтымды шешім қабылдауыңызға байланысты. Не де болса отқа май құйып алмаңыз.
Тауешкі
Жұлдыздар әуре-сарсаңы мол мәселелерге араласпауға кеңес береді. Одан да отбасы мен бала-шағаңызға көп көңіл бөліңіз. Біріне көмек қажет болуы мүмкін, сондықтан бірыңғай жұмысты ойлай бергеніңіз әбестік болар.
Суқұйғыш
Жұмысыңызда толағай табысқа жетесіз. Тек айлықтың ара-тұра уақтылы түспеуі сәл артқа қарайлауға себепші. Апта соңында өмірлік серігіңіз тосынсый жасауы мүмкін, сіз де іштей бұған дайын жүріңіз.
Балықтар
Қазір тыңнан жоспар құруға қолайлы уақыт. Жақындарыңыздың бірі жуық арада бұрын айтылмай жүрген шындықпен бөлісулері мүмкін. Қандай жаңалық айтса да, ашуға бой бермеңіз.