1-7 маусымға арналған жұлдыз-жорамал

579
көрілім

Тоқты

Жүйкеңіз сыр бере бастағанда өз-өзіңізді қалыпқа келтіруді ойласаңыз, көркем-әдеби кітаптар оқуға тырысыңыз. Бір уақыт рухани азық алған да орынды. Тоқтылардың басым бөлігі еңбек демалысын жаздың жаймашуақ күндеріне жоспарлап жүргендері белгілі. Жолыңыз түсіп саяхаттап жатсаңыз жалғыз өзіңіз жолға шыққаныңыз дұрыс.

Торпақ

Жарқын жеңістер сізді босаңсытып, бұрынғы жұмыс ырғағыңыздан ауытқуға себеп болуы мүмкін. Одан да көктен жерге дәл қазір түсіңіз. Қолда бар қаражатты алдағы уақытта қалай орынды жұмсайтыныңызды жоспаралай беріңіз. Сәтін салса іскерлік тұрғыда толағай табыстарға жетіп, ісіңіз ілгерілей түспек.

Егіздер

Қандай жұмысты қолға алсаңыз да қолдаушыларыңыз көбейіп, қажет кеңес беретіндер табыла кетеді. Осының барлығын ескеріп, өміріңізге тірек болар құндылықтарды әу бастан бекітіп алғаныңыз жөн. Қазір ақша жинап, керек-жарағыңызды түгендейтін уақыт. Қарыз сұрағандар болса бас тартыңыз.

Шаян

Соңғы уақытта кесімді шешім қабылдай алмауыңыз бірқатар адамның ашуын туғызады. Ең жақын деген адамдарыңыз да сізге күмәнмен қарайды. Осы аптада өзіңізді жұмыста жан-жақты қырыңыздан көрсетудің сәті түседі, сондықтан мүмкіндікті мүлт жіберіп алмаңыз. Үй тірлігіне кететін ақшаны үнемдеп пайдаланғаныңыз ләзім.

Арыстан

Өміріңізде орын алатын кез келген өзгерістерге әзір болыңыз. Кейбірі үшін ол өзгерістер оң әсер етсе, басым көбіне сәтсіз болуы мүмкін. Ұсақ-түйекке бола жүйкеңізді құртып, қызуқандылыққа салынбаңыз. Қиындықты еңсеруге отбасыңыз қолдан келген көмегін аямайды.

Бикеш

Әйтеуір дегенде жеке өміріңізге оң өзгерістер енеді. Көңіл-күйіңіз көтеріліп, сүйіктіңіз ерекше тосынсый әзірлемек. Бәрі сәтімен болғанымен, сіз туралы өзгелердің теріс пікірі көп нәрсені өзгертпек. Айталық, өмірлік қағидаңызды өзгерту, өз ережелеріңізге толықтыру енгізу. Бір қуаныштысы, тілеулестік танытар жандарыңыз азаймайды.

Таразы

Қаржылық жағдайыңыз жұмыс берушіңізге байланысты болмақ. Күтпеген жерден маңызды келісімшартқа қол қойып, күрделі мәселелердің нүктесін қоюға мүмкіндік туындайды. Апта соңына қарай бірқатар құжат жұмыстары шешімін таппақ. Көмек сұрап келген таныстарыңыздың бетін қайтармаңыз.

Сарышаян

Қазір жаңа жобалар бастап, табысыңызды еселей түсуге қолайсыз кезең. Көп жағдайда қолыңыздағы ақшаны жинап, белгілі бір мақсатқа пайдаланудың орнына керегі жоқ заттарға жұмсауға әзір тұрасыз. Мұның еш сөкеттігі жоқ. Жұмсайтын болсаңыз мұны апта басында жүзеге асырыңыз.

Мерген

Қарыз, несие, сақтандыру бойынша қарбалас жұмыстарды осы бастан қолға алғаныңыз дұрыс. Тіпті апта соңына жеткізбей біржақты қылғаныңыз жөн. Себебі кешіктіріп алсаңыз құжаттарға күтпеген жерден қателер еніп, жұмыс легі көбейе түспек. Мұндайда күш-қуатыңызды үнемдеп пайдаланыңыз.

Тауешкі

Бұл уақытта рухани азық алып, шығармашылық тұрғыда өзіңізді дамытуға орайлы сәт туындайды. Ерекше қызмет түрімен айналысатын адамдар қомақты табыс тауып, жеке өмірінде де ісі ілгерілей түспек. Ол қандай қызмет түрлері десеңіздер, бал ашу, болашақты болжау, философиялық ілімдер оқу және тағы басқалары. Негізі жарнама арқылы да нәпақа табуға болады.

Суқұйғыш

Өзіңіздің адал еңбегіңіздің арқасында қаржылай табысқа кенелуіңіз мүмкін. Жұмыста да әріптестеріңіз бен бастығыңыздың көзіне түсіп, беделіңіз өспек. Дегенмен көп тәуекелге бармағаныңыз жөн. Кәсібилігіңіз бен шеберлігіңізге біреу-міреу күмән келтіріп, көңіл-күйіңіз түсуі мүмкін.

Балықтар

Достарыңыз өздерінің құрған жоспарларымен бөлісіп, сізді сол істің бір шетін ұстауға шақырады. Тіпті күтпеген жерден табынушыларыңыз пайда болып, ақыр соңында екінші жартыңызды табуыңыз ғажап емес. Жеке өмірдің жөні бөлек, десе де ата-анаңызды да ұмытпағаныз жөн.