1-7 шілде аралығына арналған Жұлдыз жорамал

474
көрілім

Тоқты

Денсаулыққа қатысты кез-келген диагностикалық процедуралар қазір еркін жариялылықта. Содан өтіңіздер! Атқаруға тиіс шаруаларды үйіп қоймаңыз, кейін қиынға соғады. Саяжайда тым зорығып жұмыс істемеңіз, денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін.

Торпақ

Өкпе-назыңызды іште сақтамаңыз. Шеріңізді сыртқа шығарып тастаңыз. Өзіңізге өзіңіз абай болыңыз. Көбірек тынығуға тырысыңыз. Дәл қазір спортпен шұғылданып немесе диета ұстаудың қажеті жоқ. Ағзаңыз демалуы тиіс.

Егіздер

Жұмыста сәтсіздіктер болады. Соны реттеу үшін үйдегі қам-қарекетті қоя тұрыңыз. Отбасылы Егіздер неғұрлым кешірімді болғаны абзал. Өйтпесе ұрыс-керіс ұзаққа созылуы мүмкін. Жексенбі күндері қала сыртына шыққаныңыз дұрыс.

Шаян

Саяхатқа шыққаныңыз жөн. Тіпті аз уақытқа болсын, үйден жырақта болғаныңыз дұрыс-ақ болар еді. Біреу-міреу көмек сұраса – бас тартпаңыз. Әсіресе балаларыңызға абай болыңыз. Олардың әрбір қадамын бақылап отырыңыз.

Арыстан

Күншілдер пайда болса қарсы жауап беруге әзір болыңыз. Басшымен кикілжіңге келіп қалсаңыз да өз ойыңыздан ауытқымаңыз. Қаржылық қиындықтар болуы мүмкін, бірақ оны сіз оңай жеңесіз. Ал махаббат майданында бұлай дей алмаймыз.

Бикеш

Сіздің сырт келбетіңіз жоғала бастайды. Ол үшін сұлулық салонына барыңыз, жаңа достармен кездесіп, танысыңыз. Ақшаны ысырапсыз шаша бермеңіз. Саяжайдағы қыздар қай кезде болсын абай болғандары жөн.

Таразы

Шілденің 3-7 күндері аралығында жақсы ұсыныстар болады, бас тартпаңыз. Ғашығыңыз сізді кереғар жағдайда таңқалдыруы мүмкін. Күйіп-піспеңіз: ойланып барып шешім қабылдаңыз. Көңіл-күйіңіз сабырлы болсын.

Сарышаян

Тұрмыстық мәселелерді шешуге тырысыңыз. Бұл апта жөндеу жұмыстарын жүргізуге өте қолайлы. Бос уақытыңызда кітап оқып, рухани дүниеңізді байытуға ұмтылғаныңыз жөн.

Мерген

Ұсақшыл болмаңыз. Сіздің табысты болуыңыз нақ соған байланысты болмақ. Ұжым мүшелерімен етене жақын араласта болмаңыз, кім біледі, олардың ішінде қандай ой барын. Жолда жүргенде сақ болыңыз: 2 шілде күні тіпті көлік рөліне отырмай-ақ қойыңыз.

Тауешкі

Аз-маз үзіліс жасаңыз. Бұл аптада жоғарғы жақтан нұсқау күтіңіз. Ең бастысы – соны дұрыс ұғып, қабылдай біліңіз. Жақындарыңызбен ұзаққа созылатын өкпе-реніш болуы ықтимал. Сіздікі дұрыс болса да оларға аздап кішілік танытыңыз. Кейін оның қайтарымы болады.

Суқұйғыш

Романтикалық көңіл-күй болмақ сізде! Ер адамдардан жүрегіңізге жылы тиетін лебіздер естіп, сыйлықтар алуға әзір болыңыз. Бұл аптада үлкен бір істі бастап келісімшарт жасауға қолайсыз кезең. Онанда табиғат аясында жаныңызды сергітіп, демалғаныңыз жөн.

Балықтар

Дәл қазір жолыңыз болып кетсе еш таңданбаңыз. Бұл әсіресе кәсіби қызметіңізге қатысты. Шілденің 3-7 күндері аралығында қаржылық түсім болады. Оны өзіңізге емес, жақындарыңызға жұмсаңыз. Еселеп қайтатын болады. Дәл солай!