17 тамызда елдің батысында аптап ыстық, солтүстігі мен шығысында бұршақ жаууы ықтимал

551
көрілім

17 тамызда антициклонның ықпалынан елдің батысында, оңтүстігінде және орталығында күн ашық болады, Қазақстанның қалған аумағында ауа ағындарының өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай жарқылдап, жел күшейеді, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Республиканың солтүстігінде, солтүстік батысында және шығысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ, дауыл болуы ықтимал.

Қызылорда, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл көтеріледі.

Алматы, түнде Қарағанды, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Алматы облысында бұршақ түсуі мүмкін.

Ақмола облысының түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Алматы, Кызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады.