Тоқты
Өкінішке қарай, өзіңіз көптен күткен табысқа қол жеткізе алмайсыз. Сондықтан аздаған уақыт барға қанағат ете тұруға тура келеді. Апта ортасында денсаулығыңызға байланысты ақ халаттыларға жүгініп, тексерілгеніңіз жөн. Достарыңызға уақыт бөлуді ұмытпаңыз, оларға бұл әрекетіңіз өте маңызды.
Торпақ
Жұлдыздар ашуға ерік беріп, жағымсыз мінезіңізді аулаққа апарып көмуге кеңес береді. Мәселеге тек жағымсыз жағынан қарап, жиі байбаламға салынуыңыз маңызды жоспарларға бөгесін болуы мүмкін. Қиын болса да шыдап бағыңыз. Сүйіктіңізбен араңыз суып кетпес үшін демалыс күндері дүкен аралап, сыйлықтар алып берсеңіз еш әбестігі жоқ.
Егіздер
Жақын жандармен арақатынасыңыз ушығып, жоқ жерден ұрыс-керіс шығуы ғажап емес. Барлығын ысырып қойып, ымыраға келудің жолын іздеңіз. Денсаулығыңызға мән беріңіз: созылмалы ауруыңыз сыр беріп, жағдайыңыз аяқасты нашарлауы мүмкін. Демалыс күндерін табиғат аясында өткізіңіз.
Шаян
Қуанышқа орай қазір аз уақытқа болса да босаңсып, қауырт тірлікке бас қатырмауға мүмкіндік бар. Мәселелер шешімін тауып, туыс-туғандарыңызбен араңыз жыли түседі. Қазір қалай демалсаңыз да өз еркіңіз. Достарыңызбен бас қосасыз ба, көңіліңіз қалаған кітапты оқисыз ба – апта соңы барлығына қолайлы.
Арыстан
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз. Қандай шешім қабылдасаңыз да жарға жықпайды. Қоршаған ортаңызда кімдерге сенім артуға болады, кімдерден секемдену қажет, соған жауап береді. Аздаған уақыт қаржылық қиындықтар мазалауы мүмкін. Алаңдамаңыз, мұның барлығы уақытша кедергілер.
Бикеш
Соңғы уақытта өзіңізге деген баға беруіңіз төмендеп кетеді. Тіпті ешнәрсе қолыңыздан келмейтіндей көрінеді. Мұның шешімін іздеп, мазалаған сауалдарға жауап тапқыңыз келсе маңызды жобаларды қолға алып көріңіз. Апта басында қолұшын созатын ықпалды адаммен жолығуыңыз кәдік.
Таразы
Тұтқиылдан қысым жасап, тырнақ астынан кір іздейтіндер көбейе түспек. Тойтарыс беруге қамданыңыз. Өзгенің көмегіне жүгініп, біреу жәрдем болар деген ойдан аулақ жүріңіз. Мүмкіндік болса жақсылап тынығып, ұсақ-түйек дүниелерге бас ауыртпаған жөн. Апта соңында қызықты ұсыныстар түсуі мүмкін.
Сарышаян
Біршама белсенді болып, кез келген тапсырманы тап-тұйнақтай етіп орындауға құлшынысыңыз артады. Мұны жұмыстағы мәселелермен қатар тұрмыстық жайттарды реттеуде де пайдаланыңыз. Қаржылық мәселелерді шешіп, жаңа серіктес табуға қолайлы кезең.
Мерген
Келер апта өзіңіз үшін кереметтей жаңалықтарға толы болып, күтпеген ұсыныстармен есте қалады. Жұмыста лауазымызды өсіру жайында лебіздер естисіз. Туысқандарыңыз да жағымды жаңалықтармен қуанта түспек. Айналаңыздағылардың берген кеңесін сүзгіден өткізіп, сақтық танытқаныңыз ләзім.
Тауешкі
Өміріңізде бір сәт үзіліс алып, алған бағытыңыз дұрыс па, жоқ па, соны саралап көріңіз. Жұмысыңызды ауыстырып, шаңырақ көтеруге қолайлы сәт. Дос-жарандарыңыздың арасында тіс қайрап, аяғыңыздан шалуға әрекеттеніп жүргендерге көз жүгіртіп, сәті түссе ат құйрығын кесісуді ойластыра бергеніңіз жөн. Қолыңызды мезгілінен кеш сермеп жүрмеңіз.
Суқұйғыш
Қазіргі уақытта алдағы өміріңізге оң әсер ететін кездесулер өткізіп, жаны жайсаң жандармен жолығасыз. Аптаның соңғы күні сүйіктіңізге романтикалық кеш ұйымдастырып, бірге өткізген жарқын сәттерді ой елегінен өткізесіздер. Осы кезде жар таңдауда жаңылыспағаныңызға көз жеткізесіз.
Балықтар
Табысқа кенеліп, қаржылық тұрғыда жағдайыңыз тұрақталады. Әсіресе аптаның алғашқы жартысында күтпеген жерден қомақты ақша қолыңызға тиюі мүмкін. Отбасында да көңілді сәттер көбейіп, бала-шағаңыздың алған марапаттарына масаттанасыз. Бастысы, жанұяңыздағы ауызбіршілікті нығайта түсіңіз.