18-24 қыркүйек аралығында Жұлдыз жорамал

794
көрілім

Тоқты

Басы артық шығынға үшырататын тілектерен аулақ болып, ысырапшылдыққа бой алдырмаңыз. Жұмыста да нақты жоспарлар құрғаныңыз абзал. Аптаның екінші жартысын демалысқа арнаңыз.

Торпақ

Барлық сәттілік бірлесе жұмыс істегенде келетінін ұмытпаңыз, сондықтан апта бойы достарыңызбен, туған-туыстарыңызбен тығыз қарым-қатынас орнатып, жылы қабақ танытыңыз.

Егіздер

Бұл апта үйге керек-жарақ заттар сатып алып, құрылыс жұмыстарымен айналысуға қолайлы. Қаурыт тіршіліктен шаршаған Егіздерге демалыс алып, уақыттарын тынығуға арнағандары абзал.

Шаян

Бұл аптада жүйкеңізді жұқартатын біраз мәселелер орын алуы ықтимал. Десе де, кейбір нәрселерге көңіліңізді алаңдатпай, жағымсыз адамдардың жанына жоламауға тырысыңыз.

Арыстан

Жағымды жаңалықтар болып, материалдық жағдайыңыз жақсара түсуі мүмкін. Дегенмен әр сәтті дер уақытында анықтап, кәдеңізге жаратпасаңыз уысыңыздағы сәттілік тез сусып кетуі мүмкін.

Бикеш

Апта психологиялық жағынан біраз ауыр болуы мүмкін, сондықтан бұл аптада ірі жоспарларды жүзеге асыруды кейінге қалдырып, уақытыңызды отбасыңызға арнағаныңыз дұрыс.

Таразы

Көпшіліктің сүйіктісіне айналып, танымалдылығыңыз артады. Сондай-ақ, бұл апта біліміңізді жетілдіруге өте қолайлы. Қолыңыздан келмейтін шаруаларды тындырамын деп әуре болмаңыз.

Сарышаян

Бұл аптада, әсіресе аптаның екінші жартысында жұмысқа және ақшаға қатысты белсенділік танытудың қажеті жоқ. Тез баю жолында ағаттық жіберіп, материалдық жағдайыңыз нашарлап кетуі мүмкін.

Мерген

Бойыңыздағы күш-қуатыңызды сақтауға көңіл бөліңіз, өйткені бұл аптада бірқатар адамдар сіздің эмоционалдық жағдайларыңызды сынап көруге тырысары анық. Барлық жағдайды сабырмен саралаңыз.

Тауешкі

Бұл аптадағы жетістіктеріңіз сіздің жұмысқа деген ынтаңызбен тығыз байланысты. Сонымен қатар, үйіңізге керекті заттар сатып алып, отбасындағы жайлылықты қалыптастыруға қолайлы уақыт.

Суқұйғыш

Жұмыс жағдайын жақсартып, басшылықпен жақсы қарым-қатынас орнатуға қолайлы апта. Дегенмен, кейбір адамдардың қызғанышын тудырып, іштарлық танытуына ұшырауыңыз ықтимал.

Балықтар

Бұл аптада нәрлі тамақтанып, уақытыңызды спортпен шұғылдануға бөліңіз. Жылы киініп жүруді ұмытпаңыз. Қажет болса дәрігер тексеруінен өтіп, оның кеңесіне құлақ асқаныңыз жөн.