Тоқты
Мәнсап баспалдағымен жоғары көтерілуге мүмкіндік бар. Дегенмен жауапкершілік пен қосымша тапсырмалар да көбейе түседі. Осыған дайын болсаңыз белді бекем буып іске кірісіңіз. Бұл уақытта ұрыс-керіс пен келеңсіздіктерден бойыңызды аулақ ұстап, сақ болыңыз.
Торпақ
Бұл кезде еңбек демалысында жүрген Торпақтар жуық арада қуанышты хабар естулері мүмкін. Қай істі қолға алсаңыз да қолайлы болғалы тұр. Күш-қуатыңыз толысып, қыруар жұмыстар алдында әл жинайсыз.
Егіздер
Осы уақытта ең жақын деген туысқандарыңыз мазаңызды алып бітеді. Сізден көмек сұрап, сый-сыяпат дәметеді. Қандай жағдай болмасын, салқынқандылық сақтап, ашуға ерік бермеңіз.
Шаян
Алдағы апта сіз үшін біршама күрделі, көңіл-күйіңізді түсірерліктей жайттарға толы болмақ. Бәлкім, басшылық тарапы ескерту айтып, жалақыңызды да қысқартуы мүмкін. Аз-кем үзіліс алып, бос уақытыңызды достарыңызбен емен-жарқын өткізсеңіз құба-құп.
Арыстан
Жақын арада өз ортаңыздағы әлдекімдерден жағымсыз жаңалық естуіңіз мүмкін. Жүрегіңізге жақын алмаңыз. Әр қиындықтың соңында несібе бұйырарын ескерсек, бар қиыншылықтар өткінші.
Бикеш
Өміріңізде өзгерістер болғалы тұр. Жаңа қызметке тұрудың сәті түсіп, әралуан ұсыныстар түсуі ықтимал. Тұрмысқа шығу, жаңа кәсіп ашу дейсіз бе, бәрі сәтімек болмақ. Өзгерістер жасауға жүрексінудің еш қажеті жоқ, себебі одан еш жамандық көрмейсіз.
Таразы
Алдағы демалысыңызды жоспарлауға орайлы сәт. Мейілінше, айдың соңына қарай тыныққаныңыз дұрыс, себебі бұл уақытқа дейін кейбір маңызды жұмыстарды біржақты етуіңіз керек.
Сарышаян
Егер барыңызды салып бір нәтижесін шығарамын деген ісіңіздің күлі көкке ұшса, қапаланбаңыз. Тек сабырлық сақтап, сол уақытты өткере біліңіз. Апта ортасында сіз күтпеген адам қоңырау шалып, көмек сұрауы мүмкін.
Мерген
Әріптестеріңіздің арасында ісіңіз алға басып, беделіңіз де жоғарылайды. Алайда отбасында жақындарыңызбен келіспей қалуыңыз мүмкін. Өзіңіздікін дәлелдеймін деп пікірталасқа түскеннен гөрі кикілжіңнің алдын алғаныңыз дұрыс.
Тауешкі
Осы кезеңде бәрі сіз жоспарлағандай болмауы мүмкін. Мәселенің шешімін таппай жатсаңыз бай-балам салудың қажеті жоқ. Сеніміңізге селкеу түспесін, себебі сіздің әлеуетіңіз айтарлықтай жоғары.
Суқұйғыш
Осы уақытқа дейін өзіңізге жүктелген жұмыстарды бұлжытпай орындап, апта соңына қарай мақтауға ие болуыңыз мүмкін. Алдымен бастығыңыз бір ауыз жылы лебізін айтса, уақыт өте келе сыйақы да тағайындауы ғажап емес.
Балықтар
Балықтар соңғы уақыттары ерінбей еңбек етті, енді жақсылап бойжазып алса болады. Саяжайға барып, табиғат аясына шығып таза ауамен тыныстап қайтыңыз. Жалғызбасты Балықтардың жеке өмірінде өзгерістер болады.