Тоқты
Алдағы уақыт қарбаласқа толы болайын деп тұр. Шаруаңыз шаш етектен болса да жұмыстың азаятын түрі жоқ. Жұмысбастылық салдарынан отбасыңыз үшін маңызды саналатын жайттарды назардан жіберіп алуыңыз мүмкін. Не болса да бір жұмысты соңына дейін аяқтап алғаныңыз жөн.
Торпақ
Жеке өміріңізді өзгертуге тамаша мүмкіндік туып тұр. Бәлкім қазір басыңыз бос шығар, сондықтан орайлы сәт туындап тұрғанда екінші жартыңызды тапқаныңыз абзал. Жұлдыздар дүкен аралап, көптен бері қол жеткізе алмай жүрген керек-жарағыңызды алуға кеңес береді. Ақшаны өзіңізден аямаңыз, осыған дейін еңбектенгеніңіз соған әбден лайық.
Егіздер
Қуанышты күндер көбейіп, әр күніңіз сәтті өтпек сіз үшін. Қызықсыз әрі қиын тірліктерді кейінге қалдыра тұрыңыз. Қазір көңіліңіз нені қалайды, сонымен айналысыңыз. Айтпақшы, қазір үйде өзгерістер жасап, жөндеу жұмыстарын жүргізсеңіз де болады. Дұрысы, мұны екінші жартыңызбен тізе қосып істеңіз.
Шаян
Қазір сіз жұмысты ең бірінші орынға қоясыз. Осының салдарынан кейбір әріптестеріңізбен пікірлеріңіз келіспей жатады. Есесіне басшылық тарапынан сыйақыға ие болуыңыз мүмкін. Күш-қуатыңыз сарқылмасын десеңіз, уақтылы тынығуды әдетке айналдырып, майлы тағамдардан бас тартыңыз.
Арыстан
Түрлі кикілжіңдерді ең жақын деген достарыңызбен кеңесе отырып шешкеніңіз дұрыс. Лезде шешім шығарамын деп асығыстыққа барып жүрмеңіз. Түннің бір уағына дейін түрлі ойлардың жетегінде кеткенше, таңсәріде тұрып өткен-кеткенді ой елегінен өткізгеніңіз абзал. Жұлдыздар Арыстандарға жолда жүргенде қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді,
Бикеш
Қалыпты жағдай, дәл осы мерзімде көңіліңіз әлденеге жабырқау болады. Шаршаңқысыз. Керексіз ақпараттар мен кесел ойлардан арылу үшін бос уақытыңызды достарыңыздың арасында өткізіп, ұнатқан шаруаңызбен айналыссаңыз құба-құп. Жаңа таныстық орнатамын деп кей жағдайларда ағаттық жіберіп алмаңыз. Ол адам сіз ойлағандай болмауы мүмкін.
Таразы
Қазір бар назарыңызды балаларыңызға аударғаныңыз дұрыс, әйтпегенде айтулы шараларды қалт жіберіп алуыңыз ғажап емес. Жұмысыңызда маңызды сәттердің бірі – қарашаның 20-сынан басталғалы тұр. Реті келсе, әріптестеріңіз арасында барынша белсеніп, басшылық қойған міндетті бар ниетіңізбен орындағаныңыз жөн. Қам жемеңіз, еңбегіңіз еш кетпейді.
Сарышаян
Жұрт назарын сізге аударғанын қалайсыз ба? Онда іске сәт! Тек қиялға ерік беріп, басыңызға тәж киіп алып жүрмеңіз. Одан да жұмысыңызда көпшілікке таңсық жаңалық ашып, айды аспанға шығарыңыз. Жуық арада өмір сүрудің жаңа әдісі мен шарттарын ойлап табуыңыз да ықтимал. Үйіңізге жаңа жиһаздар да сатып алуға әбден болады.
Мерген
Осыған дейін шешуі қиынға түскен мәселелерге қайта оралсаңыз, күрмеуі шешіліп-ақ тұр. Жақындарыңызбен тез тіл табысудың сәті түседі. Ал іскерлік мақсатта келісімшартқа қол қойып, жаңа қадамға барам десеңіз, онда асықпағаныңыз жөн. Ал маңызды мәселелер туындаса, желтоқсан айының басына шегеріңіз.
Тауешкі
Әріптестеріңізбен ара-қатынасыңыз жақсарып, достарыңыздың арасында үлкен сенімге ие боласыз. Бірнеше жылдан бері некеге тұрған Тауешкілер сүйіктілеріңізден сыйлық күтсеңіздер болады. Жұлдызнаманың кейбір өкілдері аяқасты тұмауратып, өздерін жайсыз сезінгенімен жақсы жаңалық естігенде бәрін ұмытасыз. Абзалы, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жол іздеңіз.
Суқұйғыш
Қаржылық тұрғыда қысылып жатсаңыз бірден байбалам салмаңыз. Сабырлық сақтап, қолда бар қаражатыңызды үнемдеуге тырысыңыз. Осы уақытта ұнатқан адамыңызға сөз салып, сәті түссе шаңырақ көтеруге болады. Артық қыламын деп тыртық қылып алып жүрмеңіз. Қазіргі құбылмалы күн райында кімде-кім болмасын, лезде мұңайып шыға келеді.
Балықтар
Қордаланып қалған шаруаларыңызды қазір реттеп алыңыз, кейін одан әрі көбейіп кетеді. Біреу-міреуді сынға алғанша, басқалардың қателігінен сабақ алуға тырысыңыз. Аптаның екінші жартысын шығармашылыққа арнасаңыз болады. Қолға алған болсаңыз, бар күшіңізді салыңыз.