Қазақстанның 30 жыл ішінде қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі қазіргі заманғы қазақ қоғамында ұлтаралық және дінаралық келісімге негізделген әлеуметтік тұрақтылық болып саналады.
Бұған негіз болған 30 жыл бойына 18-қазан күні аталып өтілетін Рухани келісім күні! Егемендік алғаннан бері бұл күнді ерекше атап өтудегі мақсат - еліміздегі 17 конфессия мен 130-дан астам ұлт өкілдіренің басын біріктіру, тұрақтылық пен тыныштық орнату.
Осыған орай, Жарма ауданының Достық үйінде «Рухани келісім күні – тұрақтылықтың іргетасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге Жарма ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Д. Серікбеков, Жарма аудандық мешітінің имамы – А. Қайырбаев, қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, Аналар кеңесінің мүшелері және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Шараға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ақ тілектерін білдіріп, мерекемен құттықтады.