18 жастағы өскемендік ұрлығы үшін заң алдында жауап береді

309
көрілім

Қалалық полиция бөліміне ЖШС әкімшілігінен қоңырау шалып, белгісіз біреудің ұзындығы 420 метр кабельді ұрлап кеткендігін айтқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті заңсыз түрде ЖШС аумағына кіріп, көпірлі краннан 20 метр мыс кабелі мен 420 метрлік басқару кабелін алып кеткен. Шығын көлемі 400 000 теңгені құрады.

– Кезекші бөлімге 18 жастағы заңбұзушы жеткізілді. Ол кінәсін толық мойындаған. Қазіргі уақытта оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.