18 жастағы студент қыз «Шығыс аруы – 2017» атанды

1201
көрілім

 Металлургтер мәдениет сарайында «Шығыс аруы 2017» облыстық байқауы соңына жетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірнеше кезеңнен тұратын байқауға Шығыс Қазақстанның түкпіртүкпірінен 16 ару бақ сынасты. Қатысушылар сахнада ұлттық киімдерімен, әсем көйлектерімен сән көрсетті. Сондай-ақ, арулар өздерінің хореографиялық, шығармашылық және вокалдық өнерлерін паш етті. Қазақ және орыс, үнді тілдерінде ән шырқалды. Қатысушылардың бірі әділ қазыларға өз қолымен пісірген балкүлшеден дәм татқызды. Сонымен қатар, арулар әр түрлі интеллектуалдық сұрақтарға жауап берді.

«Шығыс аруы 2017» мәртебесін С.Аманжолов атындағы ШҚМУнің 18 жастағы студенті Назерке Серікова жеңіп алды.

– Мен ғана емес, барлық қатысушылар да осы мәртебеге лайық деген ойдамын. Жеңімпаз атанғаныма қуанып тұрмын. Келешекте модельдік өнер бағытында еңбектеніп, биік шыңдарды бағындырғым келеді, дейді байқау жеңімпазы.

Бірінші вице-мис атағына Малика Ахметжанова ие болса, екінші вице-мисс болып Анастасия Усольцева атанды. Үшінші орынды Әсем Айбекқызы жеңіп алды.