Тоқты
Жұмыста бақытыңыз жанады. Сіз қорғаған жоба сәтті болып шығады. Осы сәттілікті қолдан жіберіп алмаңыз. Автоәуесқойлардың бұл мезгілде сақ болғандары жөн. Сондай-ақ спортты жанына серік еткендер де қауіпсіздік шараларын ұмытпағандары жөн.
Торпақ
Кез келген жағдайда сіздің қарсыластарыңыз болуы мүмкін: бәріне де дайын болыңыз. Жалғызбасты Торпақтарға ниеті таза емес жандар кездесуі ықтимал. Сол себепті махаббатта да іскерлік қарым-қатынаста да абай болыңыз.
Егіздер
Өзіңіз көптен күткен мүмкіндікті уысыңыздан шығарып алмаңыз. Жексенбі күндері көңіл-күйіңіз көтеріліп, ерекше бір рахатқа бөленесіз. Жақсылығыңызды жақындарыңызбен бөлісіңіз. Таза ауада көбірек серуендеңіз.
Шаян
Махаббат сезіміне неге ерік бермеске? Уақыты келіп тұр. Бірақ оның соңы не болары белгісіз. Аздап ақшадан қиналасыз, бірақ кейіннен бәрі оңалады. Тек ысырапшылдыққа жол бермеңіз. Үлкендер көмек сұраса бас тартпаңыз!
Арыстан
Кез келген таныстық сізге тиімді болуы мүмкін. Неғұрлым көбірек кездесіп, кеңесуге асығыңыз. Егер үйге жаңа бір нәрсе аламын десеңіз – осы аптадан кешікпеңіз.
Бикеш
Басшыңыз сіздің жұмысыңызға сын айтуы мұмкін. Бірақ соңынан сіздің адалдығыңызға оның көзі жетеді. Саяжайда бұл күндері тек қана демалсаңыз болады. Балаларды көп еркінсітпеңіз, әйтпесе мойыныңызға мініп алады. Бірақ көп ұрсып, зекімеңіз де.
Таразы
Іс бастасаңыз тек тиімдісін ғана қолға алыңыз. Міндеттілерін кейінге ысыруға да болады. Жұмыстағылар сізді басып-жаншуы мүмкін. Сіз де осал жаңғақ емессіз, бір уақ азуыңызды ақситып қойыңыз!
Сарышаян
Қаржылық мәселелерді тек жақындарыңызбен ақылдасып барып шешіңіз. Ал жекебас мәселеңізді оңашада өзіңіз анықтағаныңыз абзал. Бұл орайда қалай әрекет жасаймын десеңіз де ерік өзіңізде.
Мерген
Ұсақ-түйек дегеніңіздің өзі кейде күрделі болып шығуы мүмкін. Достарыңызбен кикілжіңге келіп қалуыңыз жалған емес алайда әділдік сіз жақта болып шығады. Диета ұстаудың реті келіп тұр осы аптада. Сәл әрекет жасасаңыз да тамаша нәтижеге қол жеткізесіз.
Тауешкі
Сіздің жаныңыздағы адамдар көптеген сұрақтар төңірегінде сөз қозғайды. Ешкімге сыр айтып, сенбеңіз. Маңызды жобаларды қолға алмай қоя тұрыңыз. Ал бірақ үйге жөндеу жүргізуге бел бусаңыз – мархабат!
Суқұйғыш
Күтпеген саладан ақша түсімі болады. Осы сәтті қалт жібермеңіз! Ең бастысы, ешкімге қарыз бермеңіз. Жұмысыңызға ыждаһаттылықпен қараңыз. Бір уақ әріптестеріңіздің өсек-аяңына да құлақ түріп қойыңыз.
Балықтар
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз. Ол ешқашан сізді алдамайды. Басы бос Балықтарды романтикалық кездесулер күтіп тұр. Бұл орайда өзіңізге көңіл аударып, сұлулық салонына барып, көңілді демалғаныңыз жөн.